«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз

Спорт
22.09.2026, 08:23
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Алматы қаласында шағын футболдан салалық кәсіподақ жүлдесі үшін өңіраралық сайыс өтті. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқауда «ӘТЖК» ЖШС Семей филиалының «Теміржол қалқаны» командасы да өнер көрсетті.

Күзет қырандарынан құралған футбол командасын филиал басшысы Самат Райымбеков өзі бастап барды. Осыған дейін тыңғылықты жаттығу жасап шынығып, бабы келіскен жігіттер бұл жарыста барын салды. Қарсыластар да оңай емес еді. Әсіресе Алматы мен Өскемен командаларымен болған кездесулер мейлінше шиеленісті өрбіді.  

Дегенмен тартысты өткен бәсеке барысында семейлік сарбаздардың жұлдызы жанып, Алатау төрінен бас жүлде бұйырды.  

– Футболшы жігіттеріміз керек-жарағы түгел, төрт құбыласы сай аттанды. Барлық қажеттіліктерін өтеуге кәсіподақ ұйымы демеушілік жасады. Бұл сапарды мекеме басшылығы тікелей назарға алғанын да айта кету керек. Сайыс жігіттердің бірлігі мен жоғары физикалық даярлығын көрсеткен шара болды, – дейді филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы Амантай Катпенов.  

Жеңімпаз команданы Семей теміржол вокзалынан барша әріптестері, кәсіподақ белсенділері зор сән-салтанатпен күтіп алды. Қазіргі күні «Теміржол қалқаны» командасы келесі республикалық сайысқа даярлықты бастап кетті. Арқаны кеңге салуға болмайды. Себебі алдағы қазан айының 8-9 күндері Бурабай станциясында «Қазтеміржолкәсіп-2026» теміржол футбол лигасы кубогы үшін өтетін сайыста еліміздің әр түкпірінен келетін өзге де азулы командалармен сынға түсуі тиіс. Жылдың ақтық сайысына ұлттық компанияның 5 үздік командасы жүлделі орындарды өзара бөліске салмақ.  

 

Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ