Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады

Спорт
24.09.2026, 10:30
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген Олжас АХМЕТОВ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Тасымалды басқару дирекциясының» аға диспетчері Сұлтанбек Түймебайұлы 60 жасқа толды. Мерейтой иесі бірге қызмет ететін әріптестерінің басын қосып, волейболдан турнир ұйымдастырды.

Теміржол саласында жоғары білім алған Сұлтанбек Түймебайұлы еңбек жолын осыдан 33 жыл бұрын Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарлы станциясында станция кезекшісі болып бастаған екен. Бірнеше жылдан кейін Ақтөбе бөлімшесіне пойыз диспетчері болып ауысады. Арада тағы біраз жылдар өткен соң қозғалыс саласындағы еңбегі Астанада жалғасып, ҚТЖ-ның «Тасымалды басқару дирекциясы» филиалының Пойыздар қозғалысын басқару орталығында бағыттар бойынша аға диспетчер қызметін күні бүгінге дейін атқарып келеді. Кәсібіне адал, жауапты да сауатты диспетчер ретінде басшылықтың сеніміне, әріптестерінің құрметіне ие болған өз ісінің майталманы. 

Турнирге «Тасымалды басқару дирекциясы», «ЦЖС», «ГВЦ», «ДС Нұрлы жол», «ДС Астана» және «ҚТЖ ардагерлері» командалары қатысты. 

Жарыс қорытындысы бойынша «ГВЦ» командасы 1-орын, «ЦЖС» командасы 2-орын, ал «ДС Астана» командасы жүлделі 3-орынды алды. Дегенмен, жарысқа қатысқан барлық командалар марапатталып, әріптестер «достық жеңді» деген риза көңілмен тарасты. 

Бекзат МҰҚАШЕВ, Астана 

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды