Шаршы тақта сайысына семейлік теміржолшылар қатысты

Спорт
18.09.2019, 19:32
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар арасында спорттың тақталы ойын түрлері де жақсы дамыған. Соның ішінде ой еңбегін дамытатын шахматтың орны бөлек. Жуырда бөлімшедегі ерлер арасында сайыстың осы түрі бойынша кезекті біріншілік өткізіліп, жүлдегерлер анықталды.

Әдеттегісінше бұл жолғы жарыста да жас ерекшелігіне шектеу қойылған жоқ. Сол тәрізді «ойында субардинация болмайды» деп білетін теміржолшылар жарысына уақыт тауып бөлімше басшылығы да белсенді қатысты.

Шаршы тақта сайысына қатысушылар мол жиналды. Әсіресе жастардың қатары аса көп болды. Араларында байырғы бөлімше чемпиондары да, жаңадан сынға түскендер де болды. Шахматшылар өзара үш топқа бөлініп, топтық айналым бойынша бәсекеге түсті. Ойын барысында уақыт ұтқызбай, жылдам қимылдап, ойлы жүріс жасап, қарсыласын тықсыра жеңіске жеткендер көп болды. Дегенмен, ақтық финалға 6 ойыншы шығып, өзара жүлделі орындарды сарапқа салды.

Ақтық ойын барысы мейлінше шиеленісті өтті. Алма-кезек ойын кездесулері өткендіктен жеңімпаздарды анықтау оңайға түскен жоқ. Жарыстың нәтижесі бойынша бірінші орын НЖС-6 инженері Асқар Есенамановқа бұйырды. Ал екінші орынды Семей станциясының пойыз құрастырушысы Марат Қорабаев еншілесе, жүлделі үшінші орынды Семей ЖТ бөлімшесі басшысының бірінші орынбасары Ғабит Есқожанов жеңіп алды.

– Аталмыш сайыс түрі алдағы уақыттарда да жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады. Қазіргі күндері жұмыстан тыс уақытта «Психологиялық жүктемеден арылу» бөлмесіне келіп, шахматтан жаттығып жүрген теміржолшылардың қатары көп, – дейді «Локомотив» спорт клубының нұсқаушылары.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті