Қазақ балуандары салмағы 276 тонналық екі локомотивті сүйреп әлемдік рекорд орнатты

Спорт
16.07.2021, 12:34
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Аты аңызға айналған Қажымұқан бабамыздың ізбасарларын 21 ғасырда да кездестіруге болады. Қазақстандық балуандар Бауыржан Қамалиев, Айбар Ержанов және Ержан Жақаевтардың әрқайсысы елорда іргесіндегі Локомотив құрастыру зауытында салмағы 276 тоннаны құрайтын екі локомотивті 10 метрге дейін сүйреп, күш экстримінде әлемдік рекорд орнатты. Атлеттердің сөзіне қарағанда әлемге дүрбелең салған короновирус індеті спортшыларға да әсерін тигізбей қоймапты. Жоспарланған халықаралық және республикалық жарыстардың уақыттары ұзартылып, кейін мүлде тоқтатылған. Ал атлеттер үшін спорт – олардың өсуіне, мақсаттарына қол жеткізуге және салауатты өмір салтын ұстануға әкелетін өмір. Сондықтан да спортшылар жаттығусыз отыра алмайды. Сол себепті олар күш экстримімен айналысуға кірісіпті. Ал бір күні оларға күш экстримі бойынша әлемдік рекордты неге жаңартпасқа деген ой келіпті. «Күш экстримі сияқты спорт түрімен карантин басталғанда айналыса бастадым. Бастапқыда жеңіл көлік, джип, фураларды тартып көрдім. Оның бәрі маған жеңіл көрінді. Адам табиғаты қызық емес пе? Мен бұдан да салмақты дүниелерді тартқым келді. Содан мен күш экстриміне қатысты ақпараттарды іздеп тауып, егжей-тегжейлі зерттей бастадым. Қарап отырсам пойызды, ұшақты тартқандар да бар екен. 2018 жылы 274 тоннаны бағындырып, әлемдік рекорд орнатқан ресейлік жігіттер бар екен. Ал біз бүгін 276 тоннаны тарту мүмкіндігіне ие болдық», – дейді Бауыржан Қамалиев есімді балуан. Күш экстримінде бақ сынау үшін дайындалуға балуандарға небәрі үш ай жеткілікті болыпты. Олар спорттың бұл түрімен Локомотив құрастыру зауытында айналысқан. Бастапқыда орташа салмақ дәрежесіндегі 96 тоннаны құрайтын вагондарды тартып көрген. Бұдан кейін ауыр салмақ дәрежесіне, яғни 123 тонналық салмақтағы вагондарға көшкен. Бірақ, бұл цифрлар да олардың көңілін көншіте қоймапты. Сондықтан олар «құласаң түйеден құла» демекші, бірден 276 тоннаны құрайтын екі локомотивті тартуға бел байлапты. Айқын мақсат нақты нәтижеге әкеліп, бағындырған белес 276 тоннаны құрады. «Біз спортшы жігіттеріміздің өтінішін қабыл алып, олардың алаңсыз дайындалуына барлық жағдайды жасадық. Олардың қалай дайындалып жатқанының куәгері болдық. Балуандарымыз кешегі қазақ батырларының жалғасы деп сүйсіндік. Әсіресе, бұл рекордтың Локомотив құрастыру зауыты аумағында орнатылғаны қатты қуантады. Бұл бір тарихи оқиға және өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өнеге болды», – дейді «ЛҚЗ» АҚ президенті Марат Тілеубаев. Оның айтуынша, балуандар локомотивтерді тартып жатқанда, зауыттың және спортшылардың дәрігерлері жағдайды бақылауында ұстап отырған. Балуандар орнатқан рекордты «КИнЭС» қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайберген тіркеп, үш балуанға жалпы салмағы 276 тоннаны құрайтын, ТЭП-33А екі теміржол локомотивін 10 метрге сүйреу бойынша әлемдік рекорд орнатқаны туралы сертификат берілген. Бұл рекорд алдағы уақытта «КИнЭС» қазақстандық рекордтар кітабына тіркеліп, жарық көретін болады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты