Арыстықтар «Қазкөліккәсіп-2021» теміржолшылар арасындағы футбол турнирінде жеңімпаз атанды

Спорт
08.10.2021, 12:23
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы Тараз қаласында өткен «Қазкөліккәсіп-2021» теміржолшылар футбол лигасының кубогы турнирінде футболдан жеңімпаз атанды. Турнирдің мақсаты – теміржол саласындағы ұжымдар мен кәсіподақ белсенділері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ҚТЖ компаниясының ұйымдары мен өндірістердің еңбек ұжымының бірлігін арттыру, Қазкөліккәсіп ұйымдарының беделін көтеру. Футбол лигасына қатысудың өзіндік шарты – ол команда мүшелерінің арнайы кәсіпорында еңбек ететін келісімшарты және кәсіподақ мүшесі болуы тиіс еді. Аталған турнирге Шымкент ЖТ бөлімшесінен Арыс қаласындағы байланыс және белгі беру дистанциясының ұжымынан он адам қатысты. Команданың жарысқа барып-келу шығынын толықтай Шымкент кәсіподақ филиалы қамтамасыз етті. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Нағима Салықбаева аймақтан барған команданы барынша рухтандырып, жігерлендірумен болды. Сонымен, үшінші кезең бойынша жарыс аймақаралық деңгейде өтіп, оған Шымкент, Тараз, Қызылорда командалары қатысты. Ептілік пен жылдамдық төрелік еткен жарыс тартысты өтіп, нәтижесінде, арыстық байланысшылар топтан қара үзіп шығып, турнирдің үкілеген кубогын жеңіп алды.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты