Кәсіби мерекеге орай Семейдегі белсенді кәсіподақ қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды

Спорт
13.10.2021, 10:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде ҚР Кәсіподақтар күні мерекесіне орай ерекше салтанатты шара болып өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. Бұл күні бөлімшенің бас кеңсесінің алдына кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және белсенділері жиналып, көпшілік алдында бөлімше бойынша кәсіподақ төрағасы Алик Досанов сөз алды. Мерекеге орай құттықтау лебізін білдірген ол, күрделі жұмыста тер төгіп жүрген әріптестеріне алғысын айтты. Жиын барысында Семей магистральдық желі бөлімшесінің кадр бөлімі басшысы Данияр Баймағұлов та басшылық атынан құттықтады. Дегенмен аталмыш жиынның негізгі өзегі кәсіподақ белсенділерін марапаттау сәті болды. Көпшілік қошеметіне ие болған теміржол мекемелеріндегі кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен бірқатар теміржолшылар кәсіподақ басшылығының атынан арнайы Алғыс хатпен қоса ақшалай сыйлық иеленді. Бұл күні мерейге бөленген жандардың арасында Семей станциясының кәсіподақ төрайымы Шәрбат Мейірманова, ПЧ-40 кәсіподағының жетекшісі Зульфия Еникеева бар. Осыдан соң кезек гимнастикалық жаттығуларға берілді. Бөлімшенің «Локомотив» спорт клубының нұсқаушысы Наталья Мешкованың жетекшілігімен алаңға жиналған теміржолшылар таңғы бой сергітті.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті