«Әзербайжан темір жолдары» Жабық акционерлік қоғамы Хакари өзені үстінен елдегі ең үлкен теміржол көпірін салып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған көпірдің ұзындығы 418 метр, ені 6,5 метр.

Жұмыстар «Хорадиз-Агбенд» теміржол желісінің құрылысы аясында жүргізіліп жатыр, оның ірге тасын осы жылдың 14 ақпанында ел президенті Ильхам Әлиевтің өзі төсеген. Бұл жоба келесі жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.  

Сондай-ақ жоба аясында 456 жасанды инженерлік құрылыс, 70 бағыттама бұрмалары, ұзындығы 110,4 шақырым болатын байланыс және белгі беру желісі пайдалануға берілмек.