Жапонияда ер адам пойызда үш жолаушыны пышақтады

Әлемде
24.07.2023, 11:08
Фото: Kyodo

Кеше Жапонияның батысындағы Осака қаласында пойызда ер адам үш жолаушыны пышақпен жарақаттады, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қылмыскер дереу тұтқындалды, деп хабарлады жергілікті билік.

Kyodo агенттігінің мәліметінше, станция қызметкері жедел көмек қызметіне хабарласып, пышақтау оқиғасы туралы жергілікті уақытпен таңғы 10:25 шамасында полицияға хабарлаған.

Болжам бойынша, оқиға пойыз жүріп бара жатқан кезде болған.

Үш адам зардап шекті. 20 жастағы ер адам, 70 жастағы жолаушы мен 20 жастағы пойыз жолсерігі ауруханаға жеткізілді.

Билік өкілдері ешқайсысында өміріне қауіп төнетіндей жарақат жоқ екенін мәлімдеді.

Полиция оқиға орнында Казуя Симидзу есімді ер адамды тұтқындады. Кейінірек ол пышақтағанын мойындады.

Полиция дерегі бойынша, 37 жастағы Симидзуді станцияда тұтқындаған кезде үш пышағы болған.

Осака префектурасындағы Идзумисано станциясы ірі сауда орталығы мен аурухананың жанында орналасқан.

Осыған ұқсас оқиға осы аптада Оңтүстік Корея астанасында да болды.

Сеулдің оңтүстік-батысындағы метро станциясы маңында пышақталған адамдардың бірі оқиға орнында мерт болды. Үш адам ауруханаға жатқызылды.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес