Қытайда алғаш рет теңіз үстімен өтетін теміржол желісі салынды. Ұзақтығы 277 шақырым болатын бұл көпір Фучжоу — Сямынь — Чжанчжоу бағытында жүреді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған көпірмен пойыздар сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүреді деп есептелген. Ол елдің шығыс жағалауымен жүреді және үш шығанақты кесіп өтеді, оның ішінде 14,7 шақырымды көпір салынған Мэйчжоу шығанағы да бар. Магистраль қолданысқа берілген соң оның соңғы нүктелері арасындағы жол жүру уақыты 1 сағатқа да жетпейтін болады.

Жоғары жылдамдықты көпірдің құрылысы 2017 жылы басталған. 2023 жылдың ақпанында оның статистикалық сынағы аяқталды. Ол кезде CR450 пойызы Мэйчжоу шығанағы арқылы сағатына 453 шақырымды жылдамдықпен жүріп өткен.