Таиландта ел астанасы Бангкок пен Нонг-Кхай қаласы арасындағы теміржол құрылысы қайта жалғасын тапты. Теміржолдың ұзындығы 608 км,  жоғары жылдамдықты желі екі жолды.  

Таиландтың мемлекеттік темір жолдарының мәліметінше, желіні іске қосу 2026 жылға жоспарланған, бірақ пандемияға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Жол салудың бірінші кезеңінің 24%-ы ғана атқарылған.

Құрылыстың бірінші кезеңі 5,1 млрд АҚШ долларына бағаланған және оны 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.  

Қытай-Лаос теміржолы қосылғаннан кейін бұл желі Қытайдың оңтүстігіндегі Куньмин (Юньнань провинциясы) ірі көлік торабын Сингапур және Малайзиямен байланыстыратын халықаралық теміржол дәлізінің буынына айналмақ.