Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды

Әлемде
13.10.2026, 10:06
Оқуға 2 мин
Сурет: AlphaBeta135/Wikimedia, Stadler, David Lassen/Wikimedia

Швейцариялық Stadler компаниясы АҚШ нарығына арналған контактылы желі мен аккумулятор арқылы жүретін алғашқы пойызын таныстырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

FLIRT Akku гибридті платформасы негізінде жасалған құрам 4-7 қазан аралығында Чикагода өткен APTA TRANSform & EXPO көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды. Пойызды 2028 жылы Rock Island District қала маңы теміржол желісінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ұзындығы 26,4 шақырым болатын бұл бағытта жаңа құрам жолаушылар тасымалына қызмет көрсетеді. Алдымен екі бас вагоннан және олардың ортасына орналастырылған литий-ионды аккумуляторлары бар қосымша секциядан тұратын пойыз сынақтан өтеді. Ол АҚШ-тың Федералдық теміржол басқармасына (FRA) қарасты Пуэблодағы сынақ полигонына жіберіледі.

Өндірушінің мәліметінше, төрт вагонды пойыз 542 жолаушыға арналған. Оның ішінде 208 тұрақты орын және 56 жиналмалы орын қарастырылған. Құрамның ең жоғары жылдамдығы сағатына 127 шақырымға жетеді, ал доңғалақ шеңберіндегі қуаты 1 мегаватты құрайды.

Пойыздың басты ерекшелігі – электрлендірілген және электрлендірілмеген учаскелерде жүре алуы. Аккумуляторларды бағыттың екі шетінде орналасқан станцияларда зарядтау көзделген. Бұл үшін пойыздың аккумуляторлық секциясына орнатылған токқабылдағыштар жоғары кернеулі контакт рельсінен энергия алады. Толық зарядтау уақыты шамамен 1,5 сағатты құрайды. Ал депо мен терминалдарда зарядтау 2,5 сағатқа дейін созылады.

Stadler компаниясы мен Чикагоның қала маңы жолаушылар тасымалдаушысы Metra арасындағы келісімшартқа 2024 жылдың қысында қол қойылған. Құны 154 миллион АҚШ доллары болатын келісім сегіз екі вагонды пойыз жеткізуді қамтиды. Сонымен қатар тараптар келісімшартты кеңейту мүмкіндігін қарастырған. Оның аясында тағы сегіз екі вагонды құрам мен 32 тіркеме вагон сатып алуға 181,4 миллион долларға дейін қаражат қарастырылған.

Trains басылымының хабарлауынша, Metra пойыздардың құрамын төрт вагонға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдаған. Қосымша вагондар қазір жобалау кезеңінде. Оларды өндіруді 2027 жылдың қаңтарында бастау жоспарланған.

Жаңа пойыздар аккумуляторлық технологияларды қала маңы теміржол қатынасына енгізуге мүмкіндік береді. Бұл шешім электрлендірілген желілермен қатар, контактылы инфрақұрылымы жоқ учаскелерде де жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға бағытталған.

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды