Қырғызстанда Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан бағыты бойынша алғашқы тоннельдің құрылысы басталды

Әлемде
12.05.2025, 09:41

Қырғызстан аумағында Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан халықаралық көлік жобасы аясында алғашқы теміржол тоннелінің құрылысы басталды. Бұл туралы Қырғызстан республикасының Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тоннель қазу жұмыстарының басталу салтанатына Қырғызстан Министрлер кабинетінің төраға орынбасары, сонымен қатар су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі қызметін атқаратын Бақыт Төрөбаев қатысты. Ол өз сөзінде жобаның маңыздылығын атап өтіп:

«Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолы — Шығыс пен Батысты жалғайтын стратегиялық маңызды көпір» деді.

«Бұл жоба тек инфрақұрылымдық қана емес. Ол өмір сүру сапасын арттыруға, экономикалық өсімге және аймақтар мен халықтар арасындағы байланысты нығайтуға жол ашады. Сауда, инвестиция, өнеркәсіп пен логистика дамып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылады. Бұл елдеріміздің экономикасына қуатты серпін береді», – деді Төрөбаев.

Бастапқыда салынып жатқан тоннельдің ұзындығы шамамен 12 шақырым болады. Ол Жалал-Абад облысының Сузақ ауданын Нарын облысының Тоғыз-Торо ауданымен байланыстырады. Болашақта Қырғызстан аумағында тағы екі осындай тоннель салу жоспарланған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржолының Қырғызстан аумағынан өтетін бөлігі 300 шақырымнан асады, ал бүкіл құрылысқа салынатын инвестиция көлемі 4,7 миллиард долларды құрайды. Жоба аясында жалпы ұзындығы 120 км болатын 46 көпір мен 27 тоннель салу көзделіп отыр. Осылайша, барлық 450 км бағыттың шамамен 40%-ы тоннельдер мен көпірлер арқылы өтеді. Теміржол құрылысын ресми бастау 2024 жылғы желтоқсанда жарияланған.

Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл