Иран мен Ауғанстан арасында алғашқы жолаушылар пойызы жолға шығады

Әлемде
11.06.2025, 11:04
Фото: AP Photo / Mohammad Ramezani

Ираннан Ауғанстанға алғашқы жолаушылар пойызы келесі аптада жүре бастайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тарихта алғаш рет жолаушылар пойызы Иранның солтүстік-шығысындағы Хаф қаласынан Ауғанстанның батысындағы Герат қаласына бағыт алады. Бұл туралы "Салам Ватандар" радиостанциясы Герат провинциясы әкімінің баспасөз хатшысы Мұхаммад Юсуф Саидиге сілтеме жасап хабарлады.

«Хафтан Гератқа алғашқы жолаушылар пойызы 10 күн ішінде қатынай бастайды. Бұл пойыздың іске қосылуы – азаматтардың жүріп-тұруын жеңілдету және Ауғанстан мен Иран арасындағы экономикалық әрі мәдени байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам», – делінген хабарламада.

Ирандық БАҚ-та Ауғанстанмен теміржол арқылы жолаушылар тасымалы іске қосылатынын хабарлап отыр. Иранның жол және қалалық даму министрінің орынбасары Джаббар Әли Закеридің айтуынша, пойыз жолаушыларды Иранның Мешхед қаласынан алып, Хаф арқылы Ауғанстан шекарасынан өтіп, Гератқа дейін жетеді.

«Мешхед пен Герат арасында жолаушылар пойызын ұйымдастыру бойынша жоспарлар жасалды. Біз бұл бағыттағы алғашқы пойыз алдағы екі аптада жолға шығады деп күтіп отырмыз», – деген Закеридің сөзін Afghanistan International өңірлік жаңалықтар порталы келтірді.

Ираннан Ауғанстанға теміржол құрылысы 2007 жылы басталған. Жол Хорасан-Резави провинциясындағы Хаф қаласы арқылы Гератпен Иранның теміржол желісін жалғайды. Оның ұзындығы — 225 шақырым, оның 147 шақырымы Ауғанстан аумағымен өтеді. Жол бастапқыда екі ел арасында жүк тасымалдауға арналған болатын. Ауғанстандағы әскери қақтығыстар мен 2021 жылғы тамызда Кабулда биліктің өзгеруіне байланысты жол қозғалысы тоқтатылған еді, бірақ 2022 жылы қайта жанданған.

2024 жылғы наурызда Ауғанстан бұл теміржол арқылы алғаш рет ЕО елдері мен Түркияға 1,2 миллион долларлық 200 тонна жаңғақ, мейіз, бадам экспорттады.

Қазіргі таңда Ауғанстанда жолаушылар пойызы жоқ, ал Мешхед пен Герат арасында тек автобустар мен маршруттық таксилер қатынайды.

 

Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді