Орталық Азия Ауғанстанды үнді мұхитына шығатын дәліз ретінде көреді

Әлемде
23.07.2025, 13:36

Қазақстан мен Өзбекстан-Ауғанстан арқылы өтетін транзиттік дәліз жобаларын дамытуға мүдделі. Әлемдегі геосаяси ахуал бұл істі барынша ширатуға әкеліп отыр. Әсіресе аймақ елдері Үнді мұхитына шығу мүмкіндігін жоғары қояды, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.  

Ауқымды жобаға іргедегі өзге де мемлекеттер атсалысуға ниетті. Жалпы Ауғанстанның логистикалық әлеуеті қандай? Тәліптер инвесторлардың капиталына кепілдік бере ме?  Әлемдегі геосаяси шиленістер халықаралық көлік қатынасына зор шығын келтірді. Британдық сарапшылардың есебінше оның көлемі 320 млрд долларға жеткен.  

Қазір көптеген мемлекеттер жанама тразит жолдарын салып, жаңа бағыттар ашуға кірісті. Орталық Азия елдері де Ауғанстанды үнді мұхитына шығатын дәліз ретінде көреді.  

«Үнді мұхитына тікелей дәліз ашатын елдің бірі – Ауғанстан. Кез келген тасымал сол жол өтіп жатқан мемлекетке пайда әкеледі. Демек ауған тарапының бұл жобадан ұтары аз болмайды. Жалпы Орталық Азияға да берері мол. Өзара тауар айналымы артып, жүктерді жеткізу уақыты біршама азаяды. Тасымал құнына да едәуір әсер етеді», – дейді Ташкент экономика университетінің профессоры, көлік саласындағы сарапшы Мұрат Икрамов.  

Орталық Азия елдері Ауғанстан,  Пәкістан және  Парсы шығанағы мемлекеттерімен алыс-берісті арттыруды көздейді. Тәліптер шетел инвесторларының ауқымды жобаларға қаржы құюуын қуаттайды. Тіпті капиталдың қауіпсіздігіне кепілдік беріп отыр.  

«Біздің ел Орталық Азия, Пәкістан, Иран бастаған мемлекеттердің импортына тәуелді. Оңтүстік және Шығыс Азияны жалғайтын теміржол желісін іске асыру бойынша келісім бар. Бұл – Ауған халқының арманы еді. Байланыс кезінде болған, бірақ үзілген. Сондай-ақ Қазақстан елдегі солтүстік пен оңтүстікті жалғайтын дәлізді қалпына келтіргісі келеді. Бұл бастаманы да қолдаймыз», – дейді Ауғанстанның өндіріс және сауда министрі Нұриддин Азизи.  

Жуырда Қазақстан үкіметі Ауғанстан аумағымен өтетін Тургунди–Герат–Спинболдак теміржол жобасына 500 миллион доллар көлемінде инвестиция салуға келісті. Жоба Орталық Азияны, Иранмен және Пәкістанмен байланыстырады. Айтпақшы Ресей де Ауғанстан арқылы Пәкістанға мұнай экспорттауды көздеп отыр. Жоба жылына 1 млн тонна қара алтын сатуға мүмкіндік бермек.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті