Қытайда суасты теміржол тоннелінің құрылысы басталды

Әлемде
03.11.2025, 11:14
Қазақстан теміржолшысы

Қытайдың Чжэцзян провинциясында ұзындығы 16,18 шақырым болатын Цзиньтан суасты теміржол тоннелінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz

Бұл нысан жоғары жылдамдықтағы Юнчжоу теміржол желісінің құрамына енеді және құрлықтағы Нинбо қаласын Чжоушань архипелагымен байланыстырады. Осылайша, ол Қытайдағы аралдар мен құрлықты жалғайтын алғашқы теміржол бағыты болмақ.

Тоннельдің 11,21 шақырымы Цзиньтан бұғазының астынан өтеді. Құрылыстың диаметрі 14,5 метр, бұл екі жолақты теміржол орнатуға мүмкіндік береді. Мұнда пойыздар сағатына 250 шақырым жылдамдықпен қозғала алады.

Жер қазу жұмыстары «Динхай» және «Юнчжоу» атты екі заманауи қалқанды кешен арқылы жүргізілуде. Олардың қозғалысы жоғары дәлдікпен синхрондалған, ал бағытты бақылау үшін Қытайдың BeiDou спутниктік навигация жүйесі пайдаланылады.

Құрылыс шамамен 78 метр тереңдікте, күрделі геологиялық жағдайда жүріп жатыр. Инженерлер жоғары қысым, су сүзгісі мен жүктемелерге байланысты тәуекелдерді ескеріп отыр. Тоннельдің құрылымы миллиметрлік дәлдікпен құрастырылатын сақиналы темірбетон сегменттерден жасалады.

Жоспар бойынша, қазу жұмыстары 2026 жылдың соңында аяқталады, ал Юнчжоу теміржол желісі 2028 жылы пайдалануға беріледі. Осы бағыттағы қозғалыс уақыты Нинбо мен Чжоушань арасында бар болғаны 30 минутты құрайды.

Жоба іске асқан соң, өңірде жолаушы және жүк тасымалының дамуына, сондай-ақ құрлық пен аралдарды байланыстыратын жаңа логистикалық дәліздің қалыптасуына серпін бермек.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты