Грузияда Орта дәліздің артықшылықтары айтылды

Әлемде
24.11.2025, 09:16
Сурет: ашық дереккөзден
Қазақстан теміржолшысы

Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили Орта дәліздің іске асуы Оңтүстік Кавказдағы инвестиция көлемін арттырып, аймаққа жаңа мүмкіндіктер ашатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, жоба Грузия үшін де, бүкіл өңір үшін де стратегиялық маңызға ие, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Report агенттігінің хабарлауынша, Папуашвили Орта дәліздің ашылуы инфрақұрылымдық және экономикалық тұрғыда айтарлықтай артықшылық беретінін атап өтті.

«Бұл дәліз төңірегіндегі инфрақұрылымдық инвестицияларды да, жалпы өңірге тартылатын қаржыны да ұлғайтады. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз», — деді ол.

Грузия парламентінің басшысы бәсекенің күшеюі дәліздің тартымдылығын арттырып, өңірдегі тұрақтылықтың көрсеткіші болатынын қосты.

Ал ЕО–Грузия іскерлік кеңесі Орта дәлізді дамыту үшін бірыңғай бизнес-платформа құруды ұсынып отыр. АПА агенттігінің мәліметінше, бұл бастама 20 қарашада Тбилисиде өткен, сегіз ел делегациясы қатысқан Қаратеңіз платформасы конференциясында жарияланған.

Ұйымның бас хатшысы Звиад Чумбуридзенің айтуынша, платформа құру мәселесі бойынша екі жұмыс кездесуі өтеді. 

«Бірінші кездесу келесі жылдың басында Батуми қаласында ұйымдастырылады. Одан кейін Қазақстанда кеңейтілген отырыс өткізу жоспарда бар. Онда Қаратеңіз платформасының барлық қатысушылары қатысып, секретариат құрылатын болады. Платформаның құрылтайшылары қатарында Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан компаниялары да болуы мүмкін. Соңғы мақсат — бизнес үшін ортақ ашық алаң қалыптастыру», — деді ол.

Өңірдегі көлік дәліздеріне деген қызығушылық артқан сайын, Орта дәліздің геосаяси және экономикалық салмағы да күшейе түспек.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті