Үндістан темір жолдары Siemens компаниясы шығарған қуатты электровоздарды ала бастады

Әлемде
06.05.2026, 11:34
Оқуға 2 мин
Сурет: Siemens
Қазақстан теміржолшысы

Siemens Mobility компаниясы Үндістан темір жолдарына (IR) құны 3 млрд еуроны құрайтын келісімшарт аясында салынып жатқан 1200 жүк электровозының алғашқы D9 сериялы машиналарын тапсырды. Сондай-ақ, елдің оңтүстік-шығыс жағалауындағы Вишакхапатнам қаласында оларға қызмет көрсететін депо ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

D9 локомотивтері Үндістанда алғаш рет еуропалық EN 14363 спецификациясына сәйкес сынақтан сәтті өтті. Техникалық сипаттамалары келесідей:

  • Қуаты: 9000 а.к. (аттың күші);
  • Осьтік жүктемесі: 22,5 тонна;
  • Максималды жылдамдығы: 120 км/сағ;
  • Жүк көтергіштігі: салмағы 5800 тоннаға дейінгі пойыздарды тарта алады.

Бұл локомотив Үндістан темір жолдарындағы ең қуатты алты осьті бір секциялы электровоз атанды. Машинаның жай-күйін бақылау, алдын алу техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу және энергия тиімділігін арттыру үшін Siemens Mobility әзірлеген Railigent X цифрлық платформасы қолданылады.

Жоба IR мен Siemens Mobility арасындағы серіктестік моделі бойынша жүзеге асырылуда. Бұл D9 электровоздарының бүкіл өмірлік циклін қамтиды:

  • Жобалау және Үндістан аумағында өндіру;
  • Пайдалануға беру;

Үндістанның түрлі аймақтарындағы төрт депода 35 жыл бойы толық техникалық қызмет көрсету.

Өнім беруші бүкіл локомотив паркіне қызмет көрсетуге, соның ішінде материалдар мен қосалқы бөлшектерді жеткізуге, ТҚК жоспарлауға, құжаттаманы жүргізуге және есеп беруге жауапты болады.

Үндістан әлемдегі ең ірі теміржол жүйелерінің біріне ие. Қазіргі уақытта елдің магистральдық желісі толықтай дерлік электрлендірілген. Ел үкіметі жүк тасымалындағы теміржол үлесін қазіргі 27%-дан 40–45%-ға дейін арттыруды көздеп отыр.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды