Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты

Әлемде
28.05.2026, 11:17
Сурет: Vossloh
Қазақстан теміржолшысы

Vossloh компаниясы 2026 жылдың 20 мамырында Швецияның Саннахед қаласында жылына 900-ге дейін бағыттамалық бұрма шығаруға қауқарлы жаңа зауытты іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz

Ұзындығы 150 метрлік цехта автоматтандырылған құрастыру желісі орнатылған, онда шпалдарды төсеуді роботтандырылған қондырғы атқарады. Кейіннен бұрма жол элементтерін құрастыру конвейердің бес позициясы бойынша бірізділікпен жүзеге асырылады. Кәсіпорында бұрын қолмен атқарылған көптеген құрастыру операциялары толығымен автоматтандырылған.

Жаңа зауыттың тағы бір цехы тапсырыс бойынша өнімдер өндіруге арналған, сонымен қатар мұнда қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру орталығы орналасады.

Саннахедтегі кәсіпорын Швецияда соңғы 100 жыл ішінде салынған алғашқы бағыттамалық бұрма зауыты. Ол 1914 жылдан бері жұмыс істеп тұрған және Швеция мен көршілес скандинавиялық елдердің темір жолдары үшін жылына 300-ге дейін бұрма шығаруға мүмкіндігі бар Эребрудегі ескі зауыттың орнын алмастырады.

Саннахед Халльсберг сұрыптау станциясы мен Стокгольм - Гётеборг магистралінің маңында орналасқан.

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл