Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді

Әлемде
17.08.2026, 10:12
Қазақстан теміржолшысы

Литва темір жолының жолаушылар тасымалымен айналысатын LTG Link компаниясының жылжымалы құрамы 12 жаңа Stadler Flirt пойызымен толықты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Оның 7-еуі электрлі, ал 5-еуі аккумуляторлы құрамдар. Жергілікті теміржол операторының сайтында хабарланғандай, бұл пойыздар қазірдің өзінде сынақтан өтіп жатыр, ал жолаушыларды тасымалдау осы жылдың күзіне жоспарланған.

Қазіргі уақытта статикалық және динамикалық тестілеу жұмыстары жүргізілуде. Сынақ барысында пойыздардың түрлі жылдамдықтағы, соның ішінде екпін алу, бәсеңдеу және қалыпты қозғалыс режимдеріндегі жұмысы сараланады.

Алғашқы кезең аяқталған соң тиісті сертификаттау процедуралары өтеді. Сынақ нәтижелерін бағалай келе, Литваның көлік қауіпсіздігі әкімшілігі нысандарды пайдалануға рұқсат береді.

Жаңа Stadler Flirt электр пойыздары жолаушылар үшін әлдеқайда жайлы әрі кең болмақ. Бұл жылжымалы құрам Вильнюс–Клайпеда–Вильнюс бағыты бойынша қатынайды.

Ал электрлендірілген және электрлендірілмеген теміржол желілерінде бірдей жүре алатын аккумуляторлы пойыздар Литвада Каунас–Шяуляй–Каунас және Вильнюс–Варена (Марцинконы)–Вильнюс бағыттарында қатынайды деп күтілуде. Оларда 128 отыратын орын қарастырылған, кофе мен жеңіл-желпі тағамдар сататын автоматтар орнатылған. Сондай-ақ жолаушыларға қолайлы болу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға да толық бейімделген. Электр желімен жүргенде бұл пойыздар сағатына 160 шақырымға дейін жылдамдықпен жүрсе, аккумулятор режимінде сағатына 120 шақырымға дейін жүре алады.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады