Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?

Әлемде
20.08.2026, 09:31
Қазақстан теміржолшысы

Теміржол құрылысы бойынша сарапшы Марат Исаков радио эфирінде Ыркештам арқылы өтетін бағыттың Қырғызстан үшін Торугартқа қарағанда тиімсіз екенін хабарлады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«Ыркештам арқылы өтетін жол Қырғызстанды тек екі ортадағы «көпірге» айналдырар еді. Біздің аумақ арқылы өтетін жолдың ұзындығы бары-жоғы 150 шақырымдай болып, негізгі пайда басқа мемлекеттерге кетер еді», - деді ол.

Исаковтың пікірінше, Торугарт арқылы өтетін солтүстік бағыттың таңдалуына инфрақұрылым екінші орында болған. Жобада Қытайдың 1435 мм-лік теміржол стандартын пайдалану көзделген, ал Қырғызстан мен Өзбекстанда ресейлік 1520 мм-лік ендік қолданылады. Дөңгелек жұптарын ауыстыру пунктін Қырғызстандағы Макмал станциясында орналастыру жоспарланып отыр.

Қытайдан Өзбекстанға өтетін теміржол жобасы бойынша 8 түрлі бағыт нұсқасы болған. Бішкек көптеген консультациялардан кейін екі нұсқаға тоқталыпты:

Солтүстік бағыт – «Қашқар – Торугарт – Арпа – Қарасу – Әндіжан» (таңдалғаны): Жалпы ұзындығы 532 км, оның 305 км-і Қырғызстан арқылы өтеді. Жаңадан 280–305 км жүріс жолын салу қажет. Құрылыс қиындығы өте жоғары: бағыттың үштен бір бөлігін тоннельдер мен эстакадалар құрайды.

Оңтүстік бағыт – «Қашқар – Ыркештам – Сарытас – Ош – Әндіжан» (қабылданбағаны): Жалпы ұзындығы 450 км-ге дейін, оның 160–180 км-і жаңа жолдар. Құрылыс қиындығы орташа.

Еске салсақ, «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржолының құрылысы 2024 жылдың аяғында бастау алған болатын.

Жобаның жалпы құны шамамен $5 млрд құрайды, оның $4,7 млрд-ы қырғыз бөлігінің құрылысына бағытталады. Жобаның басым бөлігін Қытай қаржыландырады.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады