Тәжірибе алмасудың еуразиялық алаңы

Жүк тасымалы
17.10.2023, 09:18
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматыдағы Логистика және көлік академиясында «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру» тақырыбында өткен IV Еуразиялық форумға Қазақстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан темір жолдарының, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы өкілдерімен қатар көлік қауіпсіздігі мен ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету саласында инженерлік жүйелерді өндірушілер, конструкторлық бюролар мен ғылыми-зерттеу, білім беру, консалтингтік және жобалау ұйымдарының өкілдері қатысты.  

Форумның пленарлық сессиясына «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко модераторлық етті. Форумның ашылу салтанатында сөз алған Академияның президент-ректоры Салтанат Әмірғалиеваның айтуынша, биылғы халықаралық форумның мақсаты – бірқатар ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру, білім беру ұйымдары, конструкторлық бюролар, бизнес-қоғамдастық және квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қауіпсіздік пен цифрландыруға қатысты мәселелерді шешу, тасымалдау процесіне қатысушылардың және үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіру жағдайларын жою бойынша тасымалдау процесінің операцияларын жүргізу кезінде профилактикалық іс-шараларды әзірлеу, профилактикалық технологияларды дамыту үшін өзара әрекеттесу алаңын қамтамасыз ету.

«Қазіргі уақытта Логистика және көлік академиясы – темір жол және автомобиль көлігі үшін кадрлар дайындайтын Қазақстандағы жетекші жоғары техникалық оқу орны. Бізде көптеген стратегиялық жоспарлар мен қызықты жобалар бар және біз оларды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз»,– деді ол.  

Келесі сөз кезегін алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер Еуропаның, Оңтүстік-Шығыс Азияның және ТМД елдерінің нарықтары арасындағы тауарларды жеткізудің буыны іспеттес жылдар бойы қалыптасқан логистикалық тізбектерді бұзғанын, ал бұл жаңа көліктік-логистикалық архитектураны құруды талап етіп отырғанын және де осы өзгеріс жағдайында отандық экспорттаушыларға тауарларды әлемдік нарыққа тасымалдауда қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және желінің өткізу қабілетін арттыру үшін ҚТЖ бірқатар стратегиялық жобаларды жүзеге асырып отыр. Белгіленген бағыттар бойынша жүк тасымалын одан әрі арттыру және жаңа перспективалық жобаларды әзірлеу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолы салынуда, Дарбаза – Мақтаарал, Бақты – Аягөз желілерін, Алматы қаласын айналып өтетін айналма жолды салу жобаларын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Үш жылдың ішінде ҚТЖ 1200 шақырымнан астам темір жол салуды жоспарлап отыр. Жүктемесі жоғары учаскелерде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар локомотив паркін жаңарту бағдарламасы аясында 2023 жылы 138 локомотив сатып алуға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп, 63 локомотив жеткізілді. Жалпы, жылжымалы құрамды жаңарту стратегиясына сәйкес, 2029 жылға дейін 300-ге жуық локомотив сатып алынады. Бұл елдің көліктік әлеуетін және экспорттық өнімді тасымалдау тиімділігін арттырады. Бұл жобалардың сәтті жүзеге асуы теміржол көлігінің қауіпсіздік процестерін тиімді басқаруға тікелей байланысты, – деген  Қанат Әлмағамбетов форум жұмысына қатысушыларға сәттілік тіледі.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов жүктерді қауіпсіз тасымалдау үшін компания ел аумағында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өз мойнына алып, келесі бағыттар бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда: қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту; қозғалыс қауіпсіздігінің оң мәдениетін қалыптастыру; тасымалдау процесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін техникалық және технологиялық базаны дамыту, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілерін және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерінің қызметін тексеруді жетілдіру.

Әрі қарай компанияның бас ревизоры биылғы жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысына тоқталды. Айтуынша, 2023 жылы Қазақстанның теміржол желілерінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілерін азайту тенденциясы сақталған. Мәселен, өткен тоғыз айда тасымалдау процесінің барлық қатысушылары тарапынан жіберілген бұзушылықтардың жалпы саны 555 жағдайды құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 оқиғаға немесе 4%-ға төмендеген. Мұндай нәтижеге барлық деңгейдегі бөлімшелердің қозғалыс қауіпсіздігін жақсарту және Қозғалыс қауіпсіздігі мәдениеті деңгейін арттыру бойынша жүргізген кешенді шаралар есебінен қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар Ұлттық компания енгізген жаңа технологиялар, Рельстегі ақауларды анықтау жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа үлгісіне көшу және Мобильді диагностикалық құралдарды жоғары дәлдікпен орналастыру жобаларының жүзеге асырылуы да жолдың жағдайын жақсартуға, ал бұл өз кезегінде, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етіп отырғаны айтылды.  

Форумда сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева үлттық компанияда жүзеге асырылып жатқан персоналды оқыту және дамытудың кешенді бағдарламасы және оның негізгі бағыттары туралы баяндады. Айтуынша, кадрларды оқыту және дамыту бағдарламасының  негізгі мақсаты  – қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол университеттермен және колледждермен өзара әрекеттесу; корпоративтік оқыту; кәсіби дайындық (біліктілікті арттыру курстары), сонымен қатар білімді сақтау және беру (техникалық дайындық, ішкі тренерлер, тәлімгерлік) сияқты төрт бағытты қарастырады.  

«Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бірінші кезекте, кадрлардың білім-біліктілігімен тікелей байланысты. Сондықтан бұл бағдарламаны іске асыру компанияның тиімділігін, тұтынушылардың қанағаттанарлық деңгейін арттыруға, ESG қағидаттарын енгізуге және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді Сәуле Истлеева.

Халықаралық жиында шетелдік және отандық көлік, логистика және телекоммуникация саласының жетекші кәсіпорындарының, жоғары оқу орындарының мамандары, бизнес, серіктестік өкілдері сөз сөйледі.  

Форум аясында алты панельдік сессия өтті. Олар теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету; теміржол саласын цифрлық трансформациялау; инфрақұрылымды модернизациялау; жүк вагондары, қызмет көрсету және перспективалар; Локомотив паркін пайдалану және сенімділік. «Борт» қауіпсіздік құралын пайдалану арқылы тыйым салу сигналы өтіп кетудің алдын алу; Көлік ғылымын дамыту және көлік-логистикалық және коммуникация саласы үшін кадрлар дайындығын жетілдіру төңірегінде өрбіп, форумға қатысушылар арнайы тақырыптар бойынша тәжірибе алмасты.  

 

ҚТЖ келбеті
15.04.2025
ЦЖС аруы Қызылордада тұрады
Спорт
15.04.2025
Теміржолшылар қалалық спартакиадада топ жарды
Темір жол тарихы
15.04.2025
Соғыс тарихынан сыр шерткен жәдігерлер
Аймақтар
15.04.2025
Ақтөбе облысында биыл жеті вокзал жөнделеді
Аймақтар
15.04.2025
Теміржолшы болам десеңіз...
Қауіпсіздік
15.04.2025
Айыппұл мөлшері артты
Жаңалықтар / Мұрағат
15.04.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №28 15 сәуір 2025 жыл
Аймақтар
14.04.2025
Каспий теңізі тағы бір кемемен толықты
Жүк тасымалы / Апта саны
14.04.2025
Теміржол тасымалы 4,4% өсті
Аймақтар
14.04.2025
Теміржол ардагері құрметке бөленді
Аймақтар
14.04.2025
Көктемгі тексеріс басталды
Жолаушылар тасымалы
14.04.2025
Жазғы тасымалдау кезеңіне жолаушылар вагондарын дайындау жүргізілуде
Аймақтар
14.04.2025
Еңбек адамына құрмет – елге құрмет
Инфрақұрылым
11.04.2025
ҚТЖ Алтынкөл – Жетіген учаскесін жаңғыртады
Жаңалықтар
11.04.2025
Минскіде логистикалық маршруттардың дамуы талқыланды
Трансформация
11.04.2025
Ескірген құрылғылар жаңартылып жатыр
Әлеумет
11.04.2025
ҚТЖ-да донор күні өтті
Қауіпсіздік
11.04.2025
Әскери күзеттің әлеуеті зор
Станция тынысы
11.04.2025
Жылғаның жауапкершілік жүгі ауыр
Жаңалықтар / Мұрағат
11.04.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №27 11 сәуір 2025 жыл