Табыс тетігі – тасымал

Жүк тасымалы
21.01.2025, 08:52
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өндірістік көрсеткіштер бойынша былтырғы жылды табысты аяқтады деуге болады. Директорлар кеңесі бекіткен жоспар бойынша 8 пайдалану көрсеткішінің 7-і жоғары деңгейде орындалған.

Бөлімше бастығы Аслан Базарғалиевтің мәліметі бойынша, орташа тәуліктік тиеу 103,5%, тоннаждағы жүктерді тиеу 103,9% орындалды, яғни 13 160,7 мың тонна жүк тиелді. Вагонға статикалық жүктеме 100,3% орындалды; техникалық станцияда вагонның орташа тоқтау ұзақтығы 147%; 1 жүк операциясындағы вагонның орташа тоқтау ұзақтығы 155,2%; пойыздар қозғалысының орташа техникалық жылдамдығы 103,3 %, пойыздың жалпы салмағы 100,5% орындалды.  

Жоспар межесіне жете алмаған 1 көрсеткіш – жүк түсіру. Орташа тәуліктік түсіру көрсеткіші 84,5%-ға орындалған. Жүк түсірудің азаюы, Атырау – Астрахань республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысын жүзеге асыратын алты мердігер ұйыммен жұмыс істейтін «Қазавтожол» АҚ кәсіпорнының қаңтар айында 2024 жылға арналған жүк тасымалына ақы төлеуге шарты болмауына байланысты. 

Сондай-ақ сәуір, мамыр, маусым айларында 07.04.2024 жылдан бастап су тасқыны кезеңінде Атырау облысы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты 24 189 вагон мөлшерінде 12 айға арналған жоспардан түсіруге жергілікті жүктің келуі 11 834 вагонға дейін, яғни тәулігіне 33 вагонға дейін төмендеді. Аймақта жинақтайтын, шығаратын пойыздардың көбеюі, кейбір учаскелерде жылдамдықты сағатына 40 км-ге шектеу, технологиялық «толаскездің» берілуі, жолда малдың жүруіне байланысты локомотивті шұғыл тежеу, метеорологиялық жағдайлар – қар мен жауынның көп болуына қарамастан орташа учаскелік және техникалық жылдамдық 103,3 пайызды құраған. Яғни өңірде жыл сайын жүргізіліп келе жатқан темір жолды күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі де нәтиже бере бастады деуге болады.  

Аймақтағы негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан, тасымалданатын жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Өткен жылда Атырау бөлімшесі бойынша ірі жүк тиеп-жөнелтушілер, яғни ірі кәсіпорындардың жүк көлемі мол болды. «Батыс Транс Групп» мекемесі мұнай өнімдерін, «Тенгизшевройл» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін (пропан-бутан, күкірт, мұнай), «Исткомтранс» ЖШС, «Тенгизская Транспортная Компания» мекемесі күкірт тиеген. Сондай-ақ жүк жөнелтушілер «PTC HOLDING» мекемесі полипропилен, «Иси Гипс Индер» құрылыс жүктерін, «Индер Гипс» ЖШС мен «Индер туз компани» ЖШС өнеркәсіптік шикізат жүгін, «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» сұйытылған газ жүгін тиеген.  

Алдағы уақытта бөлімше бойынша жүк тасымалы артады деген үміт бар. Өйткені жүк жөнелтушілер 2025 жылы Қарабатан станциясына 2,5 млн полиэтилен, бутадиен сынды жүк жөнелтуді, сондай-ақ Ескене станциясынан 1,5 млн тонна газ жөнелтуді жоспарлап отыр.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады