Орталық Азия арқылы өтетін транзит көлемі 70%-ға артты

Жүк тасымалы
15.10.2025, 16:12
Қазақстан теміржолшысы

Орталық Азия теңізге тікелей шығатын жолы жоқ аймақ болғанымен, бұл оның дамуына кедергі емес екенін дәлелдеді. Бүгінде өңір Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан тиімді географиялық орны мен ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың арқасында құрлықаралық транзиттік хабқа айналып келеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2020–2024 жылдар аралығында аймақ арқылы өтетін жүк транзитінің көлемі 70%-ға өскен. Бұл – уақытша құбылыс емес, тұрақты өсімнің айғағы.

Барлық транзиттік ағындардың 80%-ы Қазақстан мен Өзбекстан арқылы өтеді, ал жалпы транзит көлемінің шамамен 60%-ы теміржол көлігімен тасымалданады.

Транзиттің 70%-дан астамы Қытай мен Ресей, Түркия, Ауғанстан және Еуропа елдері арасындағы бағыттарға тиесілі.

Транзиттік тасымалдардың белсенді артуы – үлкен жолдың басы ғана. Еуразиялық көлік жүйесінің дамуы транзиттік әлеуетті ұлғайтудың және құрлықтық сауда торабына айналудың басты тетігі болып отыр. Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Көлік жобалары обсерваториясының дерегінше, 2035 жылға дейін Орталық Азиядағы көлік дәліздерін дамытуға 52 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйылады.

ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары, бас экономист Евгений Винокуров бұл үрдісті былай түсіндірді:

«Соңғы бес жылда Орталық Азия елдерінің Қытаймен сыртқы саудасы екі есеге артты. Осыған параллель транзиттік ағындар 70%-ға өсті. Бірақ бұл – тек бастамасы. Теңізге шығатын жолы жоқ және әлемдік нарықтардан алшақ орналасқан Орталық Азияға сапалы инфрақұрылым қажет. Біздің бағалауымыз бойынша, бұл шамамен 53 млрд доллар. Оның едәуір бөлігі Солтүстік–Оңтүстік бағытын дамытатын көлік жобаларына жұмсалуы тиіс. Бұл тек халықаралық «Солтүстік–Оңтүстік» дәлізі ғана емес, сонымен қатар Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерімен сауданы жаңа деңгейге шығаратын Трансауған бағытына да қатысты».

Транзиттің өсуі тек теміржол немесе жол құрылысына емес, «жұмсақ инфрақұрылымға» да тәуелді. Шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету транзиттік ағындарды жеделдетіп, ал тарифтік саясатты үйлестіру контейнерлік тасымалдардың құнын төмендетеді.

Осылайша, Орталық Азия елдері географиялық шектеулерді өз артықшылықтарына айналдырып, Еуразияның ең маңызды көлік және логистикалық орталықтарының біріне айналып келеді.

Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді