Көмір тасымалы жалғасуда

Жүк тасымалы
01.04.2025, 08:35
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлішесі бойынша жүк айналымының басым бөлігін көмір тасымалы құрайды. Жыл бойы жүргізілген тиеу-түсіру жұмыстары соңғы кезеңдері нәтижелі жүргізілді деуге негіз бар.

Бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының есебінше, ағымдағы жылыту маусымы бойынша бір ғана Абай облысының көмірге деген жалпы қажеттілігі 1 млн 247 мың тоннаны құрапты. Оның ішінде жеке сектордағы тұрғындар үшін жергілікті теміржолшылар бүгінгі күнге дейін 567 мың тонна қатты отын жеткізген. Ал жылу орталықтары мен қазандықтары үшін 595 мың тоннадан асатын көмір тасымалданыпты. Бұл шаралар қазіргі күні сұраныс төмендегенімен әлі де жалғасатын болады. Жалпы жылдық жоспардың орындалу барысы жүз пайызға таяу.  

Облыстың коммуналдық-тұрмыстық секторына және жылу көздеріне көмірді уақытылы жеткізу үшін «Қаражыра» АҚ және Абай облыстық әкімдігімен бірлесіп Қаражыра көмір кенішінен көмір жеткізудің арнайы кестесі бекітілген болатын. Жыл бойына кестеден ауытқу болған жоқ. Сәйкесінше, теміржолшылар қауымының жұмысына сын да айтылмады. Жалпы, соңына таяп қалған биылғы жылғы жылыту маусымының өту барысы тұрақты бақылауда.  

Жалпы, былтырғы қыс мезгілінде аймақ көлемінде тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір босатылатын 12 пункт болған болса, осы жылыту маусымында көмір сататын пункттердің саны 16-ға жетті. Барлық нысандарға күніне ең кемі 9 вагон көмір тұрақты түрде жеткізіліп тұрды. Дегелең станциясындағы өндіріс барысы жыл бойына штаттық режимде жүргізілді.  

Бұл орайда желі бойындағы барлық станциялардағы көмір тұйықтарына көмірдің қажеттілігі мен жеткізілуіне күнделікті түрде мониторинг жүргізіледі. Теміржолшылар қауымы тасымал барысында кідіріс тумауы үшін көмірге деген қажеттілікті толық есептеп, жоспармен жұмыс жүргізуде.  

Мәселен, 2025 жылғы 27 наурыздағы жағдай бойынша облыстағы теміржол тұйықтарында 9 мың 500 тоннадан асатын көмір қоры бар екен.  

Айта кетер тағы бір жайт, биылғы жылы теміржол тұйықтарындағы бағалар көмір разрезіне дейінгі қашықтыққа байланысты 14,2 мыңнан 19,5 мыңға дейін өзгеріп отырды. Бұл – республикадағы ең төменгі баға. Яғни теміржол тұйықтары бар Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Аягөз станциялары бойынша көмірге деген сұраныс жылда жоғары болады. Сәйкесінше жұмыс та қауырт.  

Биылғы жоспарлы жұмыстар келергі мамыр айы аяқталғанға дейін жүргізіледі. Ал маусым айынан бастап алдағы жылыту маусымына қатысты іс-шаралар бастау алмақ. Осы ретте теміржолшылар ұстанымы бойынша аймақтағы барлық теміржол тұйықтарында ең кемі 5 мың тоннадан асатын көмір қоры болуы тиіс. Желі бойындағы көмір тұйықтарының тәулігіне 17-19 тонна көмір түсіруге мүмкіндігі бар. Яғни қатты отын тасымалы жазғы мезгілде де кедергісіз әрі кең көлемде жүргізіле береді деуге толық негіз бар. Қысқасы, көмір тасымалы тоқтаған жоқ.  

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?