Араб әмірліктеріне астық экспортталды

Жүк тасымалы
27.05.2025, 08:36
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Алғаш рет Маңғыстау теміржолы арқылы Түркіменстанмен шекаралас Болашақ станциясынан Біріккен Араб Әмірліктеріне қазақстандық астық экспортталды.

Еуразия құрлығы мен Таяу Шығыс арасындағы логистикалық қарым-қатынасты дамытудың кезекті кезеңі ретінде жолға қойылған бұл бағдардың алғашқы легімен Болашаққа 34 вагон бидай келген. Станция басшылығының айтуынша, жүк тиелген вагондар түбектің шекарадағы станциясына 17 мамыр күні түскі уақытта жеткен. Станцияда бірнеше сағаттық тиісті жұмыстар атқарылғаннан кейін көп ұзамай, сол күні сағат 19:50 уақытында Түрікменстанға қарай тапсырылған.  

«Қостанай облысынан тиеліп, Біріккен Араб Әмірліктеріне қарай жолға шыққан бұл пойыздың құрамында отыздан астам вагон, екі мың тоннаға жуық бидай болды. Қазақстандық бидай партиясы Джебель-Али портына бағытталып отыр. Бұл бағдардағы жүк еліміздің сыртқы сауда айналымын жақсартып қана қоймай, біздің теміржолдың көкжиегін кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер ашқалы отыр. Алдағы уақытта осы бағытта тағы да жүк ағыны болса, оған тек қуанамыз. Күтіп алып, діттеген жеріне кешіктірмей жөнелтуге дайынбыз. Бұл жүк негізі 12 мамырда шыққан болатын, араға бес күн салып Болашаққа келіп жетті және сол күні Түрікменстанның Серхетяка станциясына жөнелтілді. Одан әрі қарай Иранның Акяйла станциясына барады, Бендер-Аббас портында ауыстырылып тиеліп, теңіз жолымен кетеді, – дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің логистика бөлімі басшысы Айбек Өтеков.  

Осы бағдар арқылы астық экспорты жалғасар болса, түбектің көрсеткіштері бұдан да арта түсері сөзсіз. Биылғы жыл басынан бергі қол жеткізген жетістіктер – соның дәлелі. Мәселен, осы жылғы төрт айдағы көрсеткіштерге тоқталсақ, бөлімшедегі жалпы жүк айналымы 113 пайызға орындалған. Ол өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Соның ішінде жүк тиеу 109 пайызды көрсетіп отыр. Жоспар 677 мың тонна болса, іс жүзінде межеден біраз артып, түбек теміржолынан 772,8 мың тонна жүк тиелген. Орташа тәуліктік жоспардағы 307 вагоннан жүк түсірудің орнына бұл көрсеткіш 316 вагонды құраған. Құрылыс жүктерін тиеу де артығымен орындалып, 119,6 пайыздан асып жығылған.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады