Орта дәліздің өзегі: Қазақстан Еуразия логистикасының орталығына айналуда

Жүк тасымалы
11.06.2025, 12:09

16–17 маусымда Си Цзиньпин Қазақстанға келеді және «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитіне қатысады. Бұл Қытай көшбасшысының елімізге алтыншы ресми сапары болмақ, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Естеріңізде болса, дәл 2013 жылы Астанада Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасын алғаш рет жариялаған еді.

12 жыл ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық сапалық жаңа деңгейге шықты:

-2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы рекордтық $40,07 млрд-қа жетіп, екі есеге жуық өсті.

- Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы 32 млн тоннадан асты. Қытайдан Қазақстан арқылы өткен транзит 15,4 млн тоннаға жетіп, бастаманың тарихындағы ең жоғары көрсеткішке шықты.

- 2024 жылы Сиань қаласында жаңа көлік терминалы ашылып, жыл ішінде 300-ден астам контейнерлік пойыз жөнелтілді (өсім — 30 есе).

- 2025 жылғы наурызда Чэнду – Еуропа бағыты іске қосылды. Бұл бағыт Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Түркия арқылы өтіп, Қытайды Еуропамен тіке байланыстырады.

Қазақстан халықаралық транзиттік әлеуетін арттыру үшін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда:

• 2028 жылға қарай — Қытаймен жаңа шекара өткелі, Семей – Ақтоғай бағытымен.

• 2026–2027 жылдары — Бақты – Аягөз және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілері, Бақты ауылында құрғақ порт.

• Достық – Мойынты желісінде екінші жолдардың құрылысы (өткізу қабілеті 5 есе артады), Алматыны айналып өтетін теміржол желісі.

• Транскаспий бағыты бойынша Қызылжар – Мойынты жаңа желісі, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау учаскелерін жаңғырту, заманауи қозғалыс басқару жүйелерін енгізу.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы Орта дәліздің қарқынды дамуы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың прагматикалық әрі нақты сыртқы саясатының жемісі.

2024 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен (ТМТМ) тасымал көлемі 3,3 млн тоннаға жетіп, контейнерлік жүк тасымалы 2,5 есеге артып, 56,5 мың TEU-ға жетті.

Дүниежүзілік банк болжамынша, 2035 жылға қарай Орта дәліз Азия мен Еуропа арасындағы сауданың 20–25%-ын қамтып, жылдық тасымал көлемі 9 млн тоннаға дейін өседі.

2025 жылы көрсеткіштер тағы 20%-ға артып, тасымал көлемі 4 млн тоннаға, ал контейнерлік жүктасымал 96 мың TEU-ға жетуі мүмкін.

Қазақстан Еуразиялық логистика картасында сенімді, баламалы бағыт ұсынатын басты түйін ретінде орнығып келеді.

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты