Вагон иелері Қытайға жүк қабылданбауы кесірінен шығынға ұшырауда

Жүк тасымалы
16.06.2021, 17:12
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Вагон иелері мен экспортерлер Қытайға жүк қабылданбауы кесірінен үлкен шығынға батқандарына шағымданды. Бұл туралы Қытаймен шекаралас станциялардағы жағдай салалық қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен өткен онлайн кездесуде айтылды. Қатысушылар қатарында Қазақстан тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдықдаму министрлігі бар. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Владимир Петров Қытайға вагондар беру мәселелерін реттеу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. «Биыл 11-20 маусым аралығында Достық станциясы арқылы әрі қарай Қытайға кететін контейнерлік жүктерден басқа барлық жүктер тасымалына мәжбүрлі түрде тыйым салынды. Ковидке қарсы қатаң шектеу шаралары кесірінен ҚХР жүк тиелген вагондарды қабылдауды уақытылы жүргізбей отыр. Қазіргі таңда халықаралық түйісу нүктелерінде 180-нен астам жүк құрамы қозғалыстан шеттетілді, бұл Қазақстанның магистральдық желісінің өткізгіштік қабілетін төмендетеді. Бұл ретте ҚР мен ҚХР теміржол әкімшіліктері арасындағы тасымал жоспары бұрын келісілген, бұл көрші елдің келген жүкті қабылдауға дайын екендігі туралы ниетін білдірді, алайда іс жүзінде олай болмай қалды. Шектеу салу кезінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қытай тарапына қалып қойған пойыздарды беруді жоспарлап отыр. Егер шекарадағы жағдай өзгерсе, шектеуді ұзартпаймыз», – деп түсіндірді ол. Қазақстан тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығының бас директоры Салтанат Адамбаеваның айтуынша, шекара түбіндегі вагондардың кідіртілуі вагон иелерін шығынға батыруда: «Біз бәріміз шығынға батып отырмыз. Жолда вагондардың кешігуін болдырмайтын шектеу шараларын енгізу және айыппұл санкцияларын қарастыру мәселелерін дұрыстап шешу керек» деді ол. «Транко» көлік логистикалық компаниясы директорының орынбасары Сергей Анашкин «Теміржол көлігі туралы» ҚР заңының 79-бабы шеңберінде жүк жеткізу мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды. «Егер тасымал жоспары Қытаймен келісілген болса, тасымал жүзеге асуы тиіс» деді С. Анашкин. Оның айтуынша, Қытайға жүк қабылданбауы салдарынан қиын тұрмыстық және санитарлық жағдайда қалған жауапты қызметкерлер ол жүктерді соңына дейін бақылайды. Отырыс қорытындысын шығара келе ҚР ИИДМ тасымалдаушыға жолда пойыздың кідіртілуіне жол бермейтін қажетті шектеу шараларын қабылдауға және Қытаймен арада тиелген жүктерді қабылдау бойынша жұмыстарды күшейтуге, сонымен қатар тасымалдың баламалы нұсқаларын, соның ішінде контейнерлік тасымалға көшуді қарастыруды тапсырды.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл