Автоматтандырылған жүйе өз тиімділігін көрсетуде

Цифрландыру
16.12.2022, 10:09
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Елу жылда ел жаңа» демекші, Тәуелсіздік алған 30 жылда темір жолдың байланыс саласы біраз жетістікке қол жеткізді. Бүгінде вагондар қозғалысы, бұрмалар, бағдаршамдар, телефон, құжат айналымы – бәрі де заманауи техника, сандық жүйеге көшкен.

Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы бастығының орынбасары Жақсыбай Айтжанов – кешегі-бүгінгі өзгерістерді көзбен көріп, қолынан өткізіп келе жатқан тәжірибелі теміржолшы.  

– Кеңестің көзін көрген құрал-жабдықтарды кешеге дейін қолданып келдік. Мәселен, ОК-12-12, ОМ-3-3, ОВ-12-12 деген кабель және әуе байланыс желілері болды. Олардың алар арақашықтығы 60 шақырымнан аспайтын. Алпыс, кей жерлерде 30 шақырым сайын күшейткіш орнатылатын. Бізде ондай күшейткіштер Ескенеде, Доссорда, одан әрі Мақатта, Сағызда болды. Қыстыгүні қатып қалады, қырау мен қар, суық ауа желіні үзіп тастайды. Не байланыс нашар қосылады. Жазда ысып, балқып кететін. Сонда да солармен жұмыс істедік. Шкафтарды жиі барып қарап тұру керек болды. Бұрынғы ескі телевизорлар сияқты лампалы құралдар жиі жанып кететін-ді. Содан бірте-бірте жаңаруға көше бастадық қой, – дейді тәжірибелі теміржолшы.  

Айтуынша, аймақта жаңару жұмыстары екімыңыншы жылдары басталыпты. Қазір цифрлы механизм 250-300 шақырымды қамтиды. Осы аралықтағы пойыздар қозғалысы компьютер арқылы көз алдыңда. Талшықты-оптикалық желілер бұрынғыдай ыстыққа қызбайды, суыққа тоңбайды. Бір қалыпты үздіксіз жұмыс жасайды. Оның артықшылығы да сонда. Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүріп бара жатқан қозғалмалы құрамның техникалық жағдайына автоматты бақылау жасайтын құрылғы (КТСМ) іске қосылған. Ол пойыз доңғалақтарының градусын да байқап тұрады.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Цифрлық теміржол» стратегиясы Компанияның бизнес моделін цифрландыруды және барлық негізгі операциялық сегменттерге жаңа технологияларды енгізуді қарастырады: жүк және жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым және көліктік логистика, ІТ дамыту және басқару үшін үздік әлемдік стандарттар мен практиканы қолданады. Технологиялық үрдістердің дамуына сәйкес, Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде станциялардың жұмысын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, Ресейдің Астрахань қаласымен шектесетін Ақсарай-2 мемлекетаралық түйіспе пунктінде Қазақстан бойынша экспедиторлардан транзиттік төлемдерді уақытылы алу мақсатында жүк кассирлері мен пойыз қабылдаушыларға арнап автоматтандырылған қосымша жұмыс орындары өз қызметін бастады. Бұл шекарада еңбек ететін қазақстандық теміржолшылар үшін жүйелі жұмыс тәсілі болып табылады. Сондай-ақ, Бәйтерек және Бек-бике станциялары бойынша да пойыздар және вагондармен атқарылған жұмыстардың мәліметтерін ақпараттық жүйеге мерзімінде өткізу мақсатында аталған станцияларда станция кезекшісіне арнап қосымша автоматтандырылған жұмыс орындары қамтамасыз етілді.  

– Бұрын қанша вагонның келіп-кеткені, станция жұмысына қатысты басқа да мәселелер телефон байланысы арқылы анықталса, бүгінде барлық ақпарат автоматты түрде компьютерде көрініп тұрады. Яғни, аталған станцияларда ГИД Урал жүйесі орнатылып, пойыздар қозғалысы, жұмысты жоспарлау және вагондарды өңдеу туралы жедел ақпарат беруге мүмкіндік ашылды. Ақжайық станциясында да АСУ-Узел жүйесі енгізіліп, ол вагондар мен пойыздар жұмысын ұйымдастыруды, жүкті түсіру не тиеу бойынша ақпаратты жеделдетуге мүмкіндік берді. Ал Сағыз станциясынан Ганюшкино станциясына дейінгі жол телімі ВОЛС желісіне қосылып, мұнда да ақпаратты үлкен көлемде және шұғыл беруге жағдай жасалды. Тәуелсіздіктің соңғы 10 жылдығы ішінде қайта жарақтанғаннан бері Теңдік станциясында да радио, телефон байланысы, станция паркіне таралатын дыбыскүшейткіш, машинистермен байланыстың бәрі соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. АПС, АЛСН құрылғылары да қолданыста. Жаңа технологиялардың өндіріске енгізілуі жұмыс өнімділігіне қарқын беріп отыр, – дейді Жақсыбай Айтжанов.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл