Атыраулықтар су тасқынына қарсы шараларды күшейтті

Инфрақұрылым
08.04.2022, 10:33
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылы батыс өңірлерде елді мекендерді су басу жағдайы жиі болып жатыр. Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда Атырау облысы аумағында су деңгейі тұрақты. Дегенмен, Орынбор облысындағы Ириклинск және Волгоград су қоймаларынан судың көп келуіне, сондай-ақ, ағын сулардың көбеюіне байланысты тасқын қаупі жоқ емес.

Әсіресе Ресеймен шектес Қиғаш өзенінен қауіп бар. Жауған қар көлемі жылдағыдан көп болмағанымен, су Ресейден ағыспен келіп жатыр. Атырау облысы аумағынан Жайық өзені өтеді, сондай-ақ Қиғаштан басқа Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің де тасуы мүмкін жағдай, Каспий теңізі де бүйірде тиіп тұр.

Биыл Сағыз ауылына да ағын су көп келді. Ақтөбе облысының Байғанин ауданымен шектесетін Ноғайты өзені тасып, жылысып, Сағыз өзеніне дейін жетіпті. Ауыл тұрғындары уақытша көшіріліп, абырой болғанда су тез қайтып, келесі күні үйлеріне оралған. Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолын да су басып, көпірді шайып кеткендіктен жол қатынасы уақытша тоқтаған.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қауіпсіздік инженері Фарида Қазжанованың айтуынша, темір жолға тікелей төнген қауіп жоқ, бірақ сақтық шаралары қолға алынып отыр. Атырау магистральдық желі бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлімінің маманы Әйгерім Қайрболатованың мәліметінше, 2022 жылғы көктемгі су тасқыны, сең, өр, жаңбыр сулары ағысы кезінде жолдың, жол төсемінің және жасанды құрылыстардың сақталуы мен тұрақты жұмыс істеуі алдын ала жоспарлы-ұйымдастыру іс-шаралары деңгейінде орындалуда. Облыс аймағындағы темір жол торабы бойынша негізгі жолдың ұзындығы – 555,8 шақырым. Бөлімшенің қызмет көрсету учаскесінде 56 көпір, 204 темірбетонды су құбырлары бар.

Бүгінде бөлімше бойынша сақтық шаралары алынып, су тасқыны орын алған жағдайда Атырау темір жолы бойынша 2 пойыз құрамы, 7 вагон жасақталған. Оның ішінде Атырау жол дистанциясы бойынша 3 вагон, Құлсары дистанциясы бойынша 4 вагон. Соған сәйкес, шебін, құм, тағысын тағы су жолына бөгесін болатын құрал-жабдықтар тиелген 3 вагон Ганюшкино станциясына, 4 вагон Құлсары станциясына қойылған.

Мамандардың пікірінше, соңғы жылдары Жайық өзенінің деңгейі төмен. Биылғы жылы да су көп келе қоймайды деген болжам бар. Бірақ, Атырау облысында 2015, 2016 жылдары екі жыл қатарынан апталап жауған нөсер жауыннан мыңдаған үйлер, авто, темір жолдар суға кетіп, жергілікті халық қатты зардап шеккен. Биыл Атырауда қар көлемі әдеттегі мөлшерден аспады. Ал Жайық өзенінің бастауында, Батыс   Қазақстан, Ақтөбе облыстары аумағында керісінше қардың көлемі жылдағыдан көп болды. Сондықтан, көктемгі су тасқыны аймаққа еш зиянын салмай өте шығады деп болжам жасауға болмайды. Жоғарыда айтқан Ноғайты, Әсіресе, Құрманғазы, Исатай ауданында да қауіп бар. Өйткені су бөгеттері – дамбалардың соңғысы 1994 жылдары салынған. Ал аталған аудандарда Исатай, Аққыстау, Бекбике, Д.Нұрпейісова, Ганюшкино, Ақсарай, т.б. станция-разъездер бар. Шапқан аттан озып кететін су тасқыны келер болса, ол бекеттерге сөзсіз қауіп туады.

– Қазірде жол дистанцияларының жауапкершілігіндегі жасанды құрылыс кешендері, көпірлер, темірбетонды тұрбалар, кюветтік су ағыны жыралары қардан, қоқыстан тазартылып, күнделікті күтіп-ұстау, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Су тасқыны кезінде шайып кету қаупі бар көпірлер мен тұрбалар күнделікті диспетчерлік бақылауға алынған. Жалпы алғанда магистральдық желілер жұмысы қалыпты, жасанды инженерлік құрылыстар су өткізуге дайын, – дейді Ә.Қайрболатова.
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды