Тозған техника қашан жаңарады?

Инфрақұрылым
14.04.2023, 10:54
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар жол дистанциясы Ақтөбе, Қызылорда, Бейнеу бағыттарына қызмет көрсетеді. Қозғалыс қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етуге қол жеткізіп, жол күтімін жоғары деңгейде ұстап отырған жолшылар әлі күнге осыдан жарты ғасыр бұрынғы ескі техниканы жамап-жасқап пайдалануда.

Дистанциядағы ең жаңа деген техниканың өзі 10 жыл бұрын алынған. Мекеменің өндірістік телім басшысы Қайрат Төлешов жолшылардың жаңа техникаға деген зәрулігін жасырмады. «Техниканың жаңарғанын қалаймыз. Қазір жұмыс адам күшімен емес, техника күшімен өнеді» дейді телім бастығы.  

Айтуынша, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. 2022 жылы 50 км темір жолдың ескірген төселімі жаңартылған. Ақкеспе – Қарашоқат аралығында шпал алмастыру жұмыстары жүргізіліп, 12,8 км жолда 25 109 дана жаңа темірбетон шпалдар төселген. Жалпы аумағы 591,7 шақырым жолды қамтитын Шалқар дистанциясы аумағының тек Жем – Шалқар телімінде ғана 5 км жолда ғана ағаш шпал жатыр, басқасы түгел темірбетонға алмастырылыпты. Тоғыс станциясының үшінші жөнелту жолында рельстер ауыстырылып, бесінші жолдың төселімі жаңартылған.  

Телім басшысының айтуынша, дистанция аумағында биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүрмейді. Дегенмен, кешенді күтіп ұстау жұмыстары жоспар бойынша атқарыла бермек. 66 км темір жолдың төселімі жаңартылып, 30 шақырымдай жол бойына малға қоршау салынады.  

«Шалқар – Сексеуіл, Шалқар – Сағыр аралығындағы 514,8 км жолда қоршау бар. Әлі қоршалмаған жер көп. 304,9 км жолға қоршау керек. Қоршауды жоспарға сәйкес, бөлінген материалға байланысты өз күшімізбен саламыз», – дейді Қайрат Төлешов.  

Теміржол телімдерін сауықтыратын арнайы техникалар орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының тиімділігін едәуір арттыруда. Мәселен, «РМ» техникасы жол жөндеу жұмысын бастауға негіз салып, жол асты шағыл тастарын тазалап, қайта төсесе, «МФС» машиналары ластанған тастарды шығарып тастайды. Ал «Дуомат» техникасы төселген жолдың астына қиыршық тасты өлшемге сай етіп салып, белгілі салмақпен көтермелей ұрып нығыздайды және рельс үстінен өтетін ауыр салмақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жол машиналарының кестеге сай осындай жұмыстары нәтижесінде барлық бағыттағы пойыздар жылдамдығы жоғары. Ал күнделікті күтім – жолшылар еншісіндегі шаруа.  

Дистанцияда 42 жыл еңбек ететін жол шебері Кәрімұрат Қуандықұлы көп техниканың ескіргенін, соңғы рет 2014 жылы МПТ-6 алынғанын айтады. «Дегенмен, ескіні жамап-жасқап пайдаланып жатырмыз, дегенмен тозған техника қашан жаңарады деген сауал бәрімізді толғандырады», – дейді жол шебері.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды