Дарбаза – Мақтаарал темір жолы арқылы жүк ағыны 10-14 млн тоннаға артпақ

Инфрақұрылым
28.11.2023, 09:37
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен сенбі Түркістан облысының жұртшылығы үшін ерекше күн болды. 25 қараша Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы басталған күн болып тарихқа енді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен өткен жиында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жұмысын бастауға пәрмен берді.

Инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда және «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілген.  

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов телекөпірге қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтап, Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан үшін өте маңызды тағы бір инфрақұрылымдық жобаны бастағалы тұрған теміржолшылар еңбегіне жеміс тіледі.  

– Дарбаза – Мақтаарал теміржол жобасын іске асыру учаскенің өткізу қабілетін кеңейтіп, елдің экспорттық және транзиттік әлеуетін арттырады. Бұған қоса Түркістан облысының дамуына оң ықпалын тигізеді, – деген Премьер-министр құрылысты бастауға пәрмен берді.  

Компания басшысы Нұрлан Сауранбаев теміржол рельсінің алғашқы болттарын теміржолшы ардагерлермен бірге бұрап, құрылыс ресми түрде іске қосылды. Салтанатты рәсімге арнайы келген танымал теміржолшылар Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Нұртай Нұрғалиев сынды ардагерлер ел игілігі үшін аса маңызды жобаның бастау алуына орай қуаныштарын бөлісіп, ақжарма тілектерін жеткізді.

Компания алға тартқан деректерге сүйенсек, 2023 жылдың басынан бері Өзбекстанмен жүк тасымалдау көлемі 25,8 млн тоннаны құраған. Салтанатты іс-шара барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовті сөзге тартқанымызда, ол бұл жобаны іске асыру жүк ағынын қазіргі қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жаңа желіге қайта бағыттауға, Сарыағаш станциясының жүктемесін азайтуға және Өзбекстан бағытында экспорттық тасымалдауды арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ Дарбаза – Мақтаарал жаңа желісінің құрылысы халық тығыз орналасқан және агроөнеркәсіптік аймақты магистральдық теміржол желісімен байланыстыру арқылы Түркістан облысының дамуына септігін тигізбек. Жоба екі кезеңге бөлінген. Бірінші іске қосу кешені Сырдария станциясына шығу мүмкіндігін беретін Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы – Ердәуіт – Мақтаарал желісін салуды көздейді. Екінші кезеңде Сырдария станциясына шығу мүмкіндігін беретін Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы – Жетісай филиалын пайдалануға беру қарастырылған.

– Ең бастысы, бұл жолдар жүктердің Қазақстаннан осы аудандарға тікелей шығуына және бұл аудандардан Қазақстанға тікелей шығуға мүмкіндік береді. Өйткені қазір олар екі шекарадан, яғни Өзбекстаннан Қазақстанға және керісінше өтуге мәжбүр. Сол себепті вагон айналымы аз. Бұл ол өз кезегінде, осы аудандардағы кәсіпорындардың дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Өңір әкімшілігі, жаңа темір жолдар осы аудандардың дамуына үлкен серпіліс беретінін, өйткені бұл өңірде мақта егісі ғана емес, өнеркәсіптің дамуының да әлеуеті жоғары екенін айтып отыр. Тағы бір атап өтерлігі, қазақ-өзбек арасында екінші жаңа жолдың салынуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін ұлғайтуға да сеп болмақ. Себебі Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстанның батысына бағытталған жүктер осы жолдар арқылы өзбек темір жолдарымен түйіскеннен кейін шапшаң жеткізілетін болады. Екінші мәселе, жаңа жол Сарыағаш – Ташкент шекаралық өткелінде пойыздардың тұрып қалуына қатысты көпшілік тарапынан айтылып жататын сынға да нүкте қояды деген ойдамыз. Өйткені соңғы екі-үш жылда екі ел арасында жүк ағыны күрт өсті. Қазіргі учаскенің жүктемесі біраз азаяды. Оның үстіне өзбек әріптестеріміз Қазақстанға, Ресейге бағытталған жолаушылар пойыздарының санын арттыруды жоспарлап отыр. Әрине келешекте осы жол арқылы жүгімізді Пәкістанға, одан ары Үндістанға жеткізу ойымызда бар, – дейді Қанат Есмұханұлы.  

Айтуынша, жаңа жол арқылы жүк ағыны қосымша 10-14 млн тоннаға артады деп болжануда. Ал болашақта 20-25 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Себебі бұл учаске Ташкент торабын айналып өтіп, жүктерді екі бағытта да тезірек тасымалдайтын болады.

Дарбаза – Мақтаарал темір жол құрылысының ұзындығы 152 шақырымды құрап, құрылыс жұмыстарына 3400 шамасында жұмысшы тартылады. Жол бойында 9 станция, разъезд бой түзеп, 9 көпір және 13 жол құбыры салынады. Ал, құрылыс біткен соң 1000 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ құрылысқа 19,7 мың тонна рельс, 280 мың жиынтық темірбетонды шпал және рельс бекітпелері сатып алынып, олардағы қазақстандық мазмұн үлесі 85% құрамақ.  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?