Кірме жолдардағы келеңсіздік

Инфрақұрылым
11.12.2023, 11:31
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда қозғалыс қауіпсіздігін сақтау маңызды мәселе. Алайда, жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыратын салада қауіпсіздік сақтала бермейді, әсіресе, кірме жолдарда әр түрлі келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Оның себептері де әр түрлі.  

Атырау облысы аумағында 851,8 шақырым магистральды, 327,6 шақырым станциялық және 160-тан астам кірме жолдар бар. Бүгінгі таңда теміржол көлігінде қауіпсіздіктің сақталмауы – негізінен кірме жолдарда күнделікті күтіп-ұстау жұмыстарының жүргізілмегендігінен болып отыр, соның кесірінен жылжымалы құрамның жолдан шығып кету фактілері болады. Бүгінде облыс бойынша 179 кірме жол тіркелген болса, соның 169-ы тұрақты жұмыс істеп тұр. Олардың көпшілігі жеке кәсіпкерлердің иелігінде. Өткен жылы облыста жылжымалы құрамның соқтығысуы мен жүк вагондарының рельстен шығып кетуінің 10 дерегі тіркеліпті. Ал, биыл жыл басынан бері оның саны 6 жағдайды құрады. Бұл жөнінде аймақтағы кірме жолдардың иелерімен болған кездесу жиынында айтылды. Оған кірме жолдарды пайдаланушылармен қатар станция, вагон, локомотив деполары басшылары, логистика бөлімінің мамандары, инженерлер, «Қазтеміртранс» АҚ филиалы, облыстық кәсіпкерлік палатасы, көліктік инспекция, желілік полиция бөлімі өкілдері, т.б. қатысты.  

Жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты баяндаған Атырау аймағы бойынша Бас ревизор Жәнібек Көбеевтің айтуынша, кірме жолдарды күтіп ұстау оның иелерінің міндеті саналғанымен, оған бас қатырып, балтыры сыздап отырған ешкім жоқ, олар бұған көңіл бөлмей отыр. Соған қарағанда, бизнесті тексермеу жөніндегі мараторий кәсіпкерлердің оң жамбасына келіп отырған сыңайлы. Заң талабымен тексеру жүргізіліп, хаттама толтырылмағасын, ұзын арқау, кең тұсаумен жүре беретін болып тұр. Көбіне вагондар кірме жолдардан шығып, станцияға келгенде ақаулы екені анықталады: дәнекерлеген жері шығып кеткен, есіктері бүлінген, вагон доңғалағының буксы теріс айналып кеткен, вагон шанақтары соғылған, т.б. ақаулар. Ал, жүк жөнелтушілер кірме жолдардың сапасына, вагонның ақаулығына салдыр-салақ қарайды. Соның салдарынан жолдан шығып кету орын алады.  

«Теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған тиісті заңдылықтар бар. Оны сақтау, теміржолдарды жөндеу, күтіп ұстау маңызды. Өйткені, осындай олқылықтар адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Дегенмен, көптеген кәсіпкерлер қаржының тапшылығын сылтау етіп, мәселеге жеткілікті көңіл бөлмейді», - дейді Бас ревизор.  

Мәселеге мән бермеу әдетке айналғандай. Мысалы, Қарабатан станциясымен шектесетін «НКОК» компаниясының кірме жолында наурыз айында бір вагон мен тепловоз жолдан шығып кеткен. Сондай-ақ Индер-Мақат учаскесінде 6 вагон, Махамбет станциясымен шектесетін «Атырауинжстрой» кірме жолында 2 вагон, Ақжайық станциясымен шектесіп жатқан «Сулейменова» кірме жолында 2 вагон, «Promgaz BP» жолында 1 тепловоз, «АтырауБетонСнаб» жолында 3 вагон жолдан шығып кеткен. Бірақ кірме жол иелері олқылықтардың орнын толтыруға ұмтылмауда. Ал, локомотившілер мұндайдан тепловоз бұзылып, қырғын шығынға батып жатыр десе, вагоншылар вагондар үлкен зардап шегіп жатқанын алға тартады. Станция басшылары вагонның жолдан шығып кетуі станция жұмысына кедергі келтіреді деп дабыл қағады.  

Жергілікті көліктік бақылау инспекциясының өкілдері «біз серіктестік басшыларын шақырып, жиналыс өткізуден, заңдылықтарды түсіндіруден өзге жасайтын амалымыз жоқ» дейді. Себебі, Президент Жарлығымен шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге, профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге мораторий жарияланды. «Осы ретте айта кетерлігі, кірме жолдардың сын көтермейтіндігі, шпалдардың тозғандығы, шойын жолдың тозуы, ағаш шпалдардың шіруі себеп болған, кейбірінде Р-43 рельсі (бұл талапқа сәйкес келмейді) тұрғаны ешкімді мазаламайды. Жеке құрылымдар теміржолды жөндеу кезінде арнайы мамандарды шақырмайды. Жолдарды тұрақты қадағаламайтыны, тіпті қажет те етпейтіні белгілі болды. Сонда, оқыс оқиғадан адам зардап шексе кім жауап береді?» дейді мамандар.  

«Біз үшін бастысы адам және пойыздардың қауіпсіздігі. Ал кірме жолдардың жай-күйі өте нашар. Сондықтан оның жағдайын талапқа сай қылып жақсартып, қауіпсіздікті сақтау сіздерге сын. Кірме жолдың жағдайын күнде қарап тұрсаңыздар да артық етпейді», -  деді жиынды жүргізген Атырау қосалқы бөлімінің бастығы Аслан Базарғалиев.  

Жиында сөз болған тағы бір маңызды мәселе – цифрландыру, ол сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді, қандай да бір лауазымды тұлғаға тәуелділік болмайды. Барлық құжаттамалар, келісім-шарт, алыс-беріс, жүк қабылдау-тапсыру құжаттары цифрлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Бүгінде тасымал құжаттарын рәсімдеудің ашық түрде болуын қамтамасыз ету үшін жүк жөнелтушілер мен қабылдаушылардың құжаттамасы АСУ ДКР жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Оның үстіне, осы бағытта бірте-бірте электронды жұмыс түріне көшуге басымдық беріліп келеді. Алайда, түсіруге келген вагондардың кірме жолдарда тұрып қалу проблемалары да кездеседі: ауа-райының қолайсыздығы, кірме жол қожайыны локомотивінің жұмыс істемеуі, кірме жолдың нашарлығынан жылдамдықтың тым бәсең болуы, кран машиналарының істен шығуы, жүк жөнелту-қабылдаушылардың жұмыс уақытының сәйкес келмеуі, т.б. Сол себепті, вагондардың кірме жолдарда ұзақ тұрып қалмауы үшін кәсіпкерлер тиеу-түсіру жұмыстарын да алдын-ала жоспарлап алған жөн. Жалпы алғанда, кәсіпкерлер өз баланстарындағы кірме жолдардың жағдайын бақылауда ұстап, уақтылы жөндеу жүргізгені абзал. Кірме жолдардың техникалық талапқа сай болуы – тұтастай алғанда қауіпсіздік кепілі болып табылады. Теміржолшылар кірме жол иелері келесі жылы жолдарды жөндеуге кірісер деген үміттен ада емес, өйткені мараторий аяқталады ғой...  

 

Жаңалықтар
20.01.2026
Ақмола өңірінде түйіспесіз жолдың жай-күйін бақылау жүйесі енгізілді
Жаңалықтар / Апта саны
20.01.2026
ҚТЖ-ның әйелдерге арналған вагондарын 822 мыңға жуық жолаушы пайдаланған
ҚТЖ келбеті
20.01.2026
Түбек теміржолын түлеткен тұлға
Станция тынысы
20.01.2026
Сексеуіл теміржолшыларының жемісті жылы
Инфрақұрылым
20.01.2026
Тараз қаласында темір жол үстінен өтетін көпір құрылысы жүріп жатыр
Инфрақұрылым
20.01.2026
Астана-1 вокзалының жаңа бөлігінің реконструкциясын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда
Аймақтар
20.01.2026
Марапатқа лайық машинистер
Қауіпсіздік
20.01.2026
Жолдағы жауапкершілік: Әр азамат нені білуі тиіс?
Жаңалықтар / Мұрағат
20.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №4 20 қаңтар 2026 жыл
Әлемде
19.01.2026
Talgo компаниясы Өзбекстанның жүрдек пойыздарына техникалық қызмет көрсетеді
Қауіпсіздік
19.01.2026
Темір жолдағы тәртіп пен тәуекел: Атырау өңірінде қозғалыс қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде
ҚТЖ келбеті
19.01.2026
Теміржолшы Тамара зейнетке шықты
Спорт
19.01.2026
Ақтөбе станциясында теміржолшылар арасында футболдан турнир өтті
Әлемде
19.01.2026
Испанияның оңтүстігінде екі жүрдек пойыз соқтығысып, 10 адам қаза тапты
Жаңалықтар
16.01.2026
Мемлекет басшысы Талғат Алдыбергеновті қабылдады
Аймақтар
16.01.2026
Шиелі өрт сөндіру пойызы жаңа орынға көшірілді
Инфрақұрылым
16.01.2026
Атырау темір жолында инфрақұрылым жаңарып жатыр
Инфрақұрылым
16.01.2026
Түбектің басты теміржол қақпасы жаңарады: құрылыс жұмыстары қарқын алды
Аймақтар
16.01.2026
Ақтөбеде пойыздар жылдамдығы артты
Қауіпсіздік
16.01.2026
«Қауіпсіздік күні»: Сексеуіл депосының басшылығы нысандарды тексерді