Айналма жолдың құрылысы қалай жүріп жатыр?

Инфрақұрылым
14.12.2023, 12:05
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген Сара САХЫНБЕК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тәуелсіздіктің 32-ші жылында құрылысы басталған Жетіген – Қазыбек бек теміржолы – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жобалардың бірі.  

Биыл 14 қарашада Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен тікелей эфирде ашылған құрылыс Алматы теміржол торабы Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2 бағыттары бойынша пойыздардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру жүктерді жеткізу мерзімін 2 есеге қысқартады.

Бүгінде жаңа жол құрылысы бойынша ұзындығы 32 км болатын 5 телім анықталып, сол телімдердегі жер төсемдерін реттеу, жол салынатын жердің табиғи өсімдік жабынын алып тастау жұмыстары басталды. Алдағы екі жылда құрылысы салынып бітетін 130 км жаңа жол бойында Сорбұлақ, Мойынқұм, Жаңаарна деп аталатын 3 станция, 13 көпір, 5 теміржол және 1 автокөлік өткелі пайда болады. Жобаның жергілікті қамту үлесі кемінде 85% болады, құрылыс кезінде 1400 адам жұмыспен қамтылып, желі іске қосылғанда шамамен 500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазақстандық зауыттардан шамамен 228 мың шпал, 16 мың тонна рельс сатып алынады. Сонымен бірге  трансформаторлар шығаруды, инертті материалдар, құм және қиыршық тастарды жеткізуді жергілікті компаниялар жүзеге асырады.  

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржолмен жүк тасымалы артып жатқан кезеңде негізгі халықаралық бағыттардың қиылысында орналасқан Алматы теміржол торабына жүктеме артады. Жаңа жол Алматы торабындағы жүктемені 40%-ға азайтып, жүк жеткізу уақытын едәуір қысқартады. Сонымен қатар Алматы агломерациясындағы қала маңы жолаушылар тасымалының дамуына ықпал етеді. Жаңа жолдың еліміз үшін маңызы зор, өйткені ол ел экономикасының дамуына, өсіп-өркендеуіне ықпал етеді. Аталған теміржол бағыты Қазақстан мен Қытай, Орталық Азия мен Ресей арасындағы транзиттік мүмкіндіктерді едәуір арттырады. Жаңа магистральдық желі Орталық Азияға, Еуропаға және Каспий теңізі порттарына бағытталған транзиттік жүктердің өтуін жылдамдатады. Бұл желі соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан Алматы торабын жеңілдету үшін өте қажет. Әсіресе Алматының маңы үшін маңызды. Алматы торабына келетін жүк 1,5–2 тәулікке кешігіп келетін болса, енді жаңа теміржол желісінің арқасында тораптың жұмысы айтарлықтай жақсарады. Мұнда қызмет көрсетілетін барлық жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар мұны бірден сезінеді. Бұл жұмыс еліміздің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін дамытуға қатысты Президенттің Жолдауын іске асыру шеңберінде жүргізіліп отыр.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды