Еңбек қорғауда елеулі ілгерілеу бар

Сұхбат
20.02.2024, 10:50
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде былтыр қандай ауқымды жобалар жүзеге асырылды? Биыл нендей жаңалықтар күтіп тұр? Осы және тағы басқа сұрақтарға бөлімше директоры Сұлтан Буромбаев кеңірек тоқталады.

– Сұлтан Адамбайұлы, жол бойындағы шалғай станцияларға модульдік үйлер, жол дистанцияларына жылыту пункттері көптеп орнатылып жатқанын көрдік. Теміржолшылардың еңбегін қорғаудың бұл да бір тиімді тәсілі секілді.  

– Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қиын да жауапты міндет. Ал оны іске асыратын теміржолшылардың жағдайын жасау – ұлттық компания үшін жауапты міндет. Және жыл сайын жол бойындағы жұмысшылардың еңбек жағдайы жақсарып келе жатқанын айтуға тиіспіз. Соның ішінде біздің Жамбыл өңірі бойынша еңбек қорғауда елеулі ілгерілеу бар. Біз биыл Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциясына тағы 6 модульдік үй алып береміз. Бәрі шалғай станцияларға орнатылады. Бүгінге дейін алтауын алғанбыз. Ал жол дистанцияларына 70 жылыту пунктін қойдық. Бұл жерде пункт пен модульдік үйді шатастырмау керек. Телім бойында жүрген жолшылар жұмыс кезінде қыста жылынып, жазда ыстықтан саялап, тамағын ішіп, бір сәтке демалуы үшін жасалған пункттердің көлемі шағын болады. Модульдік үй – тәулік бойы кезекшілік атқаратын станцияларға, басқа жақтан қатынап жұмыс істейтін жұмысшылар қона жатуға арналған кәдімгі үй, жатақхана іспетті. Сонымен қатар қаңтардан бастап Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жол, электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс дистанциялары мен станцияларға жол талғамайтын, арнайы бригадалар үшін жасақталған 30-ға жуық жаңа автокөліктер берілуде. Осының бәрі қарапайым теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар.  

– Қауіпсіз қозғалыс үшін ең бастысы жол сапасы ғой. Аймақта магистральдық желінің жай-күйі қалай?

– Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты теміржол учаскелерінде жол сапасы жаман емес, балдық көрсеткішіміз де жақсы. Былтыр Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясының күшімен жоспардағы 12,853 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткіздік. СКЛ-30 бекітпесі бар теміржол шпалдары төселді. Қаратау-Жаңатас учаскесінде қарқынды-орташа жөндеу жүргізілді. Ауыр типті машиналар кешенінің көмегімен бірқатар жұмыстар атқарылды. Мысалы ДУАМАТ кешенімен жол табанын сауықтыру жоспары 87 пайызға орындалды. РМ-80 машинасымен межеленген 72 шақырымның 67 пайызын, «ПРБ»машинасымен – 40, «Унимат» машинасымен – 173, «ПРСМ» – 126, «Desec» бағыттамалық бұрмасын төсеу жоспары – 113, «ВПРС» машинасымен 73 пайыз жұмыс атқарылды. «Жейсмар» техникасымен 8894 шпал ауыстырылып, «КЖТ» машинасымен 27 765 шұңқыр қазылды. Сондай-ақ 69 жиынтық бағыттамалық бұрма жаңартылды.  

– Пойыздардың мал басу оқиғалары – барлық жол дистанциялары үшін үлкен проблемаға айналып отыр. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Рас, мал басу оқиғалары азаймай тұр. Бұдан келер шығын екіжақты. Мал иелері де, ҚТЖ компаниясы да залал көруде. Былтыр бір 130 шақырым теміржол бойына мал өтпейтін қоршауларын орнатуды жоспарлағанбыз. Оның ішінде 30 шақырымнан: ПЧ-47 Шоқпар, ПЧ-48 Сарышаған, ПЧ-50 Шу, 20 шақырымнан: ПЧ51 Жамбыл, ПЧ-52 Түлкібас жол дистанцияларында қоршаулар орнатылды. Жалпы ұзындығы 120 шақырымды құрады. Сонымен қатар 130 шақырым теміржол бойына шұңқырлар қазып, темір сымдар тартылған бағаналар орнату жұмыстары жүргізілді. Ал 82 шақырымда бұрынғы мал қоршаулары жөнделді. Сонымен қатар Желілік полиция бөлімдерімен бірлесіп тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары мен рейдтер тұрақты ұйымдастырылады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды