Өрт сөндіруші – абыройлы мамандық
Сұхбат
23.02.2018, 12:20
Мамандықтың жаманы жоқ, тек әрбір жан өзінің жүрегі қалаған кәсібін таба білуі керек. Сонда ғана ол маманның еңбегі жанып, кәсібінен береке таппақ.
Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Өртке қарсы қызмет жасағының өрт қауіпсіздігі бойынша бастығы Жетібай Сахиевтің пікірі осындай.
– Біздің мекеме өткен жыл басынан бері екіге бөлінген. Бірі – өрттің алдын алумен, екіншісі жалынды сөндірумен айналысады. Менің өрт сөндіру саласында тер төгіп, бүгінде тілсіз жаумен күресудің айла-шарғысын меңгергеніме 34 жыл толыпты. Тілсіз жаудың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар атқаратын бұл сала Әскерилендірілген теміржол күзетіне біріктірілгенде өрт қауіпсіздігі бойынша бастықтың орынбасары міндетін атқардым. Осы жылдар ішінде бөлімше аумағында болған өртке қатысты оқиғалардың бәріне қатыстым. Сондықтан, осы кәсіптің барлық ыстық-суығын көрген жан ретінде айтарым, өрт сөндіруші – абыройлы мамандық, - дейді осы саланың ардагері.
– Осы отыз жылдан астам уақыт ішінде есіңізде қалған оқиға туралы айтып бересіз бе?
– Осыдан отыз жылға жуық уақыт бұрын, 1990 жылдардың соңында Темір бекетінде болған мына бір оқиға есімде қалыпты. Ақпан айында күннің суықтығымен қоса, қатты жел соғып тұрған. Жанған екі вагон мақтаны сөндіру барысында вагонның үстінен аққан су рельске жетпей қатып қалып жатты. Соған қарамастан мақтаның тұтануына оны сыммен орауы себеп болыпты. Сымдар жиі оралғанда пойыздың ырғағымен қозғалған сайын қажалып, бір-біріне тиген соң қызып, содан өрт шыққан. Сол жолы тұңғыш рет өрт сөндірушінің жұмысын қанша қауіп-қатерлі болса, соншалықты қадірлі екеніне көзім жетті.
– Өрт сөндірушінің ең басты қаруы не?
– Бүгінде, әрине техниканың дамыған кезі, құрал-жабдықтар жеткілікті. Бірақ біз үшін қарапайым өрт сөндіру материалдары жеткілікті. Мысалы, кәдімгі өртке шашатын көбік. Осыдан үш жыл бұрын Бадам бекетінде пойыздар апатқа ұшырап, вагон-цистерналардан сұйық газдың концентраты төгілді. Қатты жанғандықтан осы көбіктің көмегімен ғана уақытылы өшірілді. Қалаш бекетінде жанармай тұтанғанда тағы сол көбікпен өрт ошағы лезде тұншықтырылды. Көбік дегеніңіз ауа жеткізбейтіндіктен, өртті тез сөндіретіні жақсы, яғни жалынға ауа бармаса, өше бастайды.
Ең қиыны телімде болған өрт. Себебі ол кезде пойыз жүретін екі жол да жабылады. Ал бәрі кестемен жүретіндіктен, келе жатқан жолаушы, жүк пойыздарын тоқтатуға болмайды. Сол үшін әдеттегіден де жылдам жұмыс істеуге тура келеді. Біраз жыл бұрын Манкент – Сергеевка телімінде үлкен өрт болды. Екі жолға да пойыз келу керек болған соң, жанып жатқан вагонды өрт сөндіретін пойыздың соңына жалғап, Машат теміржол көпірінен өтіп, Сергеевка бекетіндегі қосымша жолға апардық. Негізгі жолдан оқшауланған соң, желдің әсерінен өшкен от қайта тұтанды. Есесіне басты бағыттағы жолдар ашылып, Сергеевкада отты өшірдік. Егер вагон жолда тайып, бүлініп майысса, қалпына келтіріп жөндеуге болады. Ал өрттен кейін ештеңе қалмайды. Сондықтан да ең маңыздысы – өрттің алдын алу.
– Үлкен өрт болса сіздерді шақыратын көрінеді, бұл теміржолдың өрт сөндірушілеріне бәсекелес жоқ деген сөз бе?
– Осы аймақта үлкен өрт орын алса, бізді шақыратыны рас. Апатты аумаққа дейін теміржол тартылған болса, әрине, барамыз, өртті сөндіруге көмек береміз. Алдыңғы жылы, мысалы, «Санжар» сауда орны, былтыр Манкентте мұнай базасы жанды. Мұнай базасы өртенгенде Шымкент пен Арыстағы өрт сөндіру пойыздары қатысты. Бір өрт сөндіру пойызында екі цистерна 100 тонна су, 10 тонна пена болады. Облыстық өрт сөндіретін машиналарда 4,5 тонна су келеді. Көбігі де біздікіндей көп емес. Манкентте мұнай базасындағы жалыннан өрт сөндіру пойызы 800 метр алыс тұрған. Бірақ суды қалай берді десеңіз, біздегі су шашатын шлянганың бірінің ұзындығы 20 метр болса, кейбірінікі 1,5 км жетеді. Жаңағы жағдайда мамандар өрт сөндіретін көліктерді қойып, пойыздағы суды машинаға құйып, сонымен барып өртті сөндірді. Сол өртте Арыстан келген біздің пойыздың да суы таусылды.
Жаз уақытында «Шымкент мұнай өнімдері» ЖШС аумағында АИ-92 бензинімен толтырылған 3 мың текше метрлік резервуар жанды. Ол резервуардың сол жерде тоғызы тұрған, құдай сақтағанда, біреуінен ғана от шыққан ғой. Жел де қатты тұрып, өртті күшейтіп жатты. Жалын қасындағы 5-10 метр жерде тұрған тоғызына өтпес үшін қаланың барлық аудандарымен қоса, қалаға жақын аудандардан 36 өрт сөндіру машинасы мен біздің екі өрт сөндіру пойызы екі рет су алып кетті. Көбігі де таусылды. Шымкент пен Арыстың өрт сөндіру пойызынан 19 адам қатысып, тілсіз жауды сөндіруге атсалысты. Жалпы, әр өрт сөндіру пойызында бес тонна көбік дайын тұру керек. Өрттен кейін көбік таусылса, ертеңіне қайтадан әкеліп, дайындап қоямыз.
– Ендеше, қашанда еңбектеріңіз жансын дейміз...
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды