Байқау - қырағылықты арттырады

Сұхбат
14.10.2020, 11:13
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Бөлімшенің оңтүстігінде Түркістан мен солтүстігінде Сексеуіл-Қоскөл станциялары арасындағы ұланғайыр атырапта жолаушылар мен жүк пойыздарының жылжымалы құрамдарына қызмет көрсететін Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаевпен сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз. 

Айта кетейік, Қазалы вагон пайдалану депосы – Қызылорда ЖТ бөлімшесі бойынша аймақтағы вагон шаруашылығының бары мен жоғын түгендейтін жалғыз мекеме. Даңқты тарихы бар байырғы депо теміржолшылары талай жылдан бері пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермей, өздеріне бекітілген тапсырмаларды мінсіз атқарып келеді. Компания мен бөлімше басшылығы жүктеген міндеттемелерді кәсіби дәрежеде атқарып, бірнеше рет салалық жарыс жеңімпазы атанған аймақтағы үздік ұжымның бірі. 

– Арғын Қайырбайұлы, бөлімшедегі бірден-бір вагон пайдалану депосының жұмысы қалай үйлестірілуде? Арақашықтықтың тым ұзақтығы жұмыс процесіне кері әсер етпей ме? 

– Қазалы вагон пайдалану депосы – сыр өңірінен өтетін барлық теміржол көліктері мен олардың вагондарына техникалық қызмет көрсетуге негізделген мекеме. Депо жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Түркістан мен Қоскөл станциялары арасында пойыз вагондарын технологиялық талап деңгейінде бақылап, тексеруден өткізетін бірнеше пункт бар. Мәселен, Қызылорда мен Сексеуіл бекетінде пойыздарға техникалық қызмет көрсету тірек пункті, Шиелі мен Қазалыда техникалық қызмет көрсету пункті, Жосалыда техникалық қызметті бақылау пункті, Төретам, Арал теңізі мен Белкөл станцияларында вагондарды техникалық тапсыру мен дайындау посттары, осыларға қосымша бөлімшенің өзге бекеттерінде 24 бақылау посты орналасқан. Міне, біздің теміржолшылар осы аталған бақылау-тексеру қосындарында күндіз-түні ауысыммен еңбек етіп, аймақта пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына қызмет етіп келеді. Жалпы депо бойынша жылжымалы құрамдарға қатысты 41 технологиялық процесс қарастырылған, оған қоса вагондарға техникалық қызмет көрсету қағидаларына сай жүк тиеу жұмыстары атқарылатын 14 бақылау постында вагон қараушыжөндеушілеріміз жергілікті нұсқамалар негізінде де жұмыс жасайды. Және де жергілікті нұсқамаға сәйкес УЗОТРМ құрылғысымен Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл бекеттерінде пойыздар керекті ауамен, қосымша қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп, сервистік қызмет көрсетіледі. Вагондарды ағымдық ажыратып жөндеу жұмыстары технологиялық процеске сәйкес Қазалы, Сексеуіл, Қызылорда және Жосалы секілді бес бекетте орындалады. Әрине, осындай ауқымды аумақты қамтитын мекеме болған соң жұмыс оңай емес, бірақ «іс тетігін кадр шешеді» деген кеңестен қалған қанатты сөз әлі де маңызын жойған емес, бізде де жоғарыда аталған барлық пунктте сенімді кәсіби мамандарымыз отыр. Сондықтан жұмыс барысында ешқандай қиындық, кедергі жоқ, әсіресе бүгінгідей технологиялық мүмкіндік дамыған шақта қашықтан басқарудың да, жұмыс істеудің де еш қиындығы болмай қалғаны аян. 

– Вагоншылар жылжымалы құрамдарды қарап-тексеру барысында КТСМ құрылғыларының көрсетіліміне сүйенеді, демек бұл вагон қараушылар еңбегін жеңілдетеді деген сөз бе? 

– Қазіргі таңда депо телімдерінде КТСМ-01Д, КТСМ-02 құрылғылары пайдалануға берілді, олардың депо бойынша бірнеше ондығы жұмыс жасайды. Біздің мекеме теміржолшылары КТСМ құрылғылары қолданысқа енгізілгенге дейін де ПОНАБ, КЛУБ секілді құрылғылардың көмегіне жүгінетін. 

Мәселен, жыл басынан бергі алты айда КТСМ-01Д, КТСМ-02 құрылғыларымен 188261 пойыз тексерілсе, өткен жылдың осы мерзімінде 204091 жылжымалы құрам құрылғының сүзгісінен өткізіліпті. Ал биылғы сегіз айда бір ғана Қызылорда станциясы бойынша 17 пойыз тоқтатылып, тоқтатылу салдары толық дәлелденді. 

Ал, жалпы депо бойынша биылғы алты айда 24 пойыз тоқтатылып, олардың тоқтатылу себептері 100 пайызға дәлелденді. Тоқтатылған пойыздардың басым бөлігі, яғни оны тежегіштің ақаулы болуынан, оны вагон буксының қызуынан, 4 пойыз локомотив буксының қызу себебінен тоқтатылса, 1 вагон құрамнан ажыратылған. 

– Пойыз құрамынан ақаулы вагонды тауып ажыратып алу дегеніміз болуы мүмкін апаттың алдын алу екені белгілі. Осындай ерлік жасаған қырағы теміржолшылар депода аз емес деп білеміз. 

– Жылжымалы құрамнан ақаулы вагонды табу – вагон қараушының ең басты кәсіби жұмысы. Ол оның міндеті, ал табылған ақауға қатысты вагоншыны марапатқа ұсыну оның еңбегін бағалау ғана. Соңғы жылдардың бедерінде талай жігіттеріміз кінәраты бар вагонды анықтап, пойыздан ажыратылуына себепкер болып, апаттың алдын алуға үлес қосты. Олар лайықты құрметке бөленді. Мәселен, өткен жылы біздің депо бойынша 19 теміржолшы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды арттыруға қосқан үлесі үшін «Адал еңбегі үшін», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марпатталып, Құрметті теміржолшы жоғары атағына да ие болды. Қарапайым еңбек адамының еңбегі еленіп, абыройы артып жатса, ол оған да, оның ұжымына да, қала берді отбасына да үлкен мерей. 

Өткен жылдың соңында басталып, биылғы жылдың наурыз айының соңына дейін ҚТЖ бойынша «Бүйіррамаларын бақылау» төрт айлығы жарияланғаны белгілі. Төрт айға созылған тексеру вагоншыларымызды шыңдады, бүйір рамаларына қатысты талай ақауды анықтады. Мен айтар  едім, кез келген байқау кәсібилік пен қырағылықты арттырады.

– Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты