Трансформациялау – тиімді қызмет тетігі

Сұхбат
09.04.2021, 17:58
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазіргі заман талабына сай «Цифрлы трансформация» бағдарламасына қызметтерін бейімдеп, осы бағытта іс-әрекет етуге көшкен «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының бірі – Магистральдық желі дирекциясы. Дирекцияда сандық жүйеге көшу және трансформациялау, даму бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен атқарылып жатқан шаруалар хақында Магистральдық желі дирекциясы директорының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары Арман Құлмағамбетовпен жүргізілген сұхбаттан оқи аласыздар.

Теміржол инфрақұрылымы қызметіне жауап беретін бұл дирекцияның басты міндеттері пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету кезінде қызмет тиімділігін арттыру және негізгі транзиттік маршруттардың өткізу қабілетін ұлғайту болмақ.

– Арман Сансызбайұлы, Компанияда трансформациялау бағдарламасы белсенді жүргізіліп, оның шеңберінде компания қызметіне тиімді әрі өнімді сандық жүйедегі жобалардың енгізіліп, іске асып жатқаны белгілі. Осы тұрғыда Магистральдық желі дирекциясының қандай ілкімді жобаларын атар едіңіз?

– Қазір бізде қолға алынып отырған даму жобасының бірі – ол «Магистраль-2» автомат- тандырылған басқару жүйесі. Біз осы екі-үш жыл алдында 6 бірлік МДК техникасын сатып алдық. Оған дейін біреуі бар еді. Сонымен қазір 7 болды. Бұл мобильді диагностикалау кешені магистральдық желі бойымен жүріп отырып, жер төсемін, рельсті жол астындағы шағыл тас, жер топырағын, рельс, шпалдардың қандай жағдайда екенін сканерлеп, диагностикадан өткізеді. Яғни, ақаулы тұстарын, рельс саңылауларын, тағысын тағы кем-кетіктерді көшіріп, тайға таңба басқандай айқындап береді. Міне, біз осы МДК деректері негізінде Инфрақұрылымдық басқару жүйесін – ИБЖ (ИСУ орысш.ауд.) жасап жатырмыз. Яғни, бұл жолдың цифрлық моделі. Демек, біз Қазақстан магистралін толығымен цифрландырмақпыз және ИБЖ бағдарламасының «жадына» енгізбекпіз. Қараңыз, күрделі жөндеу жүргізілмес бұрын жоба жасалады ғой. Біз осы жо- баны да ИБЖ-ға енгізбекпіз. Неге дейсіз ғой? Себебі, жолдың нақты жағдайын жобалық жағдайымен салыстыру үшін. Және де келе- шекте күрделі жөндеу жүргізілген телімді қабылдап алуды осы МДК еншісіне беру арқылы адам фак- торын алып тастамақпыз. Яғни, күрделі жөндеуден кейін телімді адам емес, МДК қабылдап алатын болады. Ол барлық деректі ИБ- Ж-ға береді, ал өз кезегінде ИБЖ деректерді жобамен салыстыра отырып, өңдейтін болады, сосын автотрактор техникаларына тиісті тапсырмалар беретін болады. Біз автотрактор және Дуомат, Плайзер, СПС техникаларына JPS орнатып, оларды ИБЖ-мен байланыстырмақпыз. Осылайша, адам емес, ИБЖ тапсырма беріп, әрбір техника өзіне тиесілі жұмыстарын атқарып, кем-кетіктерді жойғаны туралы дереу бағдарламаға есеп беретін болады.

– Бұл жүйе нақты қашан қолданысқа енгізілмекші?

– Қазір бұл жобаның негіздемесі жасалып жатыр, қанша шығын жұмсалатыны, тиімділігі қандай, тағысын тағылар. Жалпы алдағы жылы енгізуді жоспар- лап отырмыз. Биыл пилоттық жоба ретінде Жамбыл өңірінде 40 шақырымдық телімді күрделі жөндеуден кейін қабылдамақ ойымыз бар. Ол өңірде күрделі жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Қазір регламент жасалып қойған, яғни МДК-ның қалай қабылдайтыны туралы. Егер бір жерінде қандай да бір кемшін тұстар табылып жатса, түзетпекпіз. МДК аталған телімді күрделі жөн- деуге дейін бір өтіп шықты, жер төсемі қандай, бал- ласт жағдайы, күрделі рельс ақаулары, ауытқулар, тағы басқа кемшіліктерді көрсетіп берді, енді жөндеуден кейін қабылдап алатын болады. Күрделі жөндеуге «дейінгі» және «кейінгі» көрсеткіштерді салыстыра отырып, біз қаншалықты жолдың жағдайы жақсарғанын, қай жерде әлі кемшіліктер барын анықтайтын боламыз. Әрине, МДК жолдың толық сұлбасын беретін болады. Бұл адам қабылдап алғаннан әлдеқайда тиімді және сапалы. Яғни, «Магистраль-2» АБЖ жүйесі арқылы еліміздің барлық магистралінің жағдайы бір орталықтан бақылауға алынып, өңірлердегі магистральдық желі бөлімшелері де өздеріне қарасты инфрақұрылымды басқарып, көре алатын болады және біз жүйе арқылы оларға тапсырмалар беретін боламыз.

– «Цифрлы трансформациялау» бағдарламасының басым бағыттарының бірі Компанияға қарасты филиалдар мен еншілес ұйымдар қызметтерінің тиімділігін арттыру. Осы ретте, дирекция қандай бағыттарда жұмыс істеп жатыр?

– «Цифрлы трансформациялау» – тиімді қызмет тетігі. Сондықтан Дирекцияда Инфрақұрылымды дамыту бойынша белгіленген жоспарлармен қатар қызметтің тиімділігін арттыру өзекті мәселе болып табылады. Осыған қатысты қолға алған бастамалар көп. Егер солардың ішінде негізгілеріне тоқталар болсақ, онда басты бес бағытты атар едім. Олар: жол күтіміне қатысты технологиялық процесті өзгерту, отын-энергетикалық ресурстар шығындарын төмендету, жылжымалы құрам күтіміне кететін шығындарды қысқарту, технологиялық толаскездерді ұйымдастыру тиімділігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту. Әрине, бұл бағыттардың аясында көптеген бастамалар қарастырылған. Мәселен, отын-энергетикалық ресурстары шығындар бағытындағы қазіргі заманғы тез әрекет ететін элегазды ажыратқыштарды енгізу бастамасын алып қарайтын болсақ, ол іске асып жатса, құрылғының өрт қауіптілігі, трансформатор майын сатып алуға және техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындар, қоршаған ортаға зиянды экологиялық әсері, еңбек адамдарының еңбек қорғау және қауіпсіздігінің бұзылуы сияқты проблемаларына біржолата нүкте қояры анық. Яғни, 2021-2025 жылдар аралығында 47 бірлік элегазды ажыратқышты сатып алуға 1 457 млн теңге шамасында қаржы керек болса, оның 25 жылда кумулятивтік тиімділігі 2,1 млрд теңгені құрамақ. Екінші бір бастама – заманауи техникалық құралдардың, яғни механикалық лубрикаторлардың өндіріске енгізілуі, қисық жол теліміндегі рельстердің қызмет мерзімін екі есеге арттырып, бағыттағыш бұрмалардағы ремкомплектілердің ауыстыру мерзімін екі есеге төмендетер еді, сондай-ақ, жылжымалы құрамдағы жұп доңғалақтарды қайрап жұмырлауға кететін шығындарды азайтар еді. Инфрақұрылымды дамыту бағытындағы бастаманың бірі Нұр-Сұлтан торабын басқару орталығын құруға арналған. Егер бұл бастама қолдауға ие болып, жүзеге асып жатса, бірінші кезекте, тораптың өңдеу қабілетін арттыруға, Нұр-Сұлтан торабы бойынша Пойыздар қозғалысын орталықтандырылған басқаруды ұйымдастыруға, тағысын тағы тиімді әрекеттерге әкелер еді. Әрине, осындай бастамаларды тізе беруге болар. Олар қандай проблеманы жоятыны егжейтегжейлі зерттеліп, шығыны мен тиімділігі анықталған соң ғана шешім қабылданатынын ескерсек, бұл бастамаларды уақыт еншісіне қалдырғанымыз жөн.

– Ұлттық компания негізгі транзиттік бағдарлардың өткізу қабілеттілігін арттыруға мүдделі. Осыған қатысты дирекцияда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Әрине, Ұлттық компания алға қойып отырған мақсат-міндеттерден Магистральдық желі дирекциясы да тысқары қалмақ емес. Транзиттік бағдарлардың өткізу қабілетін ұлғайту, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып, қызмет тиімділігін арттыру бағытында да нақты жоспарланған жобалар бар. Айталық, Саяқ-Балқаш учаскесінің екі бөлек пунктін ашу және үш бөлек пунктінде жолдарды ұзарту; Достық-19-шы разъезд аралығындағы екінші жолдардың құрылысы және 19-шы разъезде үш қабылдау-жөнелту жолдарын салу. Сондай-ақ Достық станциясында «Т» паркінің қабылдау-жөнелту жолдарын бөлу, ЭО бекетін жаңғырту, жаяу жүргіншілер өткелін салу, 1435 мм жолтабан бойынша қабылдау-жөнелту жолдарын жарықтандыру. Бұл жобалардың іске асуымен станциялардың инфрақұрылымы дамып, пойыздарды өткізу қабілеті арта түспек. Бұдан бөлек, Дирекция тарапынан жүргізіліп жататын күрделі жөндеу, басқа да жөндеу түрлері бар. Мәселен, биыл 1026,8 км жолды жаңғырту және сауықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде 582 км жолға су жаңа материалдарды сала отырып, күрделі жөндеу жүргізу қарастырылған. Мұның бәрі, сай- ып келгенде, жолаушылар және жүк пойыздарының, транзиттік пойыздардың жылдамдығын арт- тырып, қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне септігін тигізбек.

– Әңгімеңізге рахмет!

Жүк тасымалы / Апта саны
28.11.2025
Достық - Мойынты екінші жолдарымен 1,2 мыңнан астам пойыз өтті
Жаңалықтар
28.11.2025
Қазақстан–Швейцария іскерлік кеңесіне 25-тен аса швейцариялық компания қатысты
Жүк тасымалы
28.11.2025
Қостанайда астықты теміржол көлігімен тасымалдау 20% өсті
Жаңалықтар
28.11.2025
Достық және Алтынкөл станцияларының қызметкерлері ҚХР-да өткен семинарға қатысты
Сұхбат
28.11.2025
Қауіпсіздікті күшейтуге күш салудамыз
Аймақтар
28.11.2025
Қостанай өңірінде контейнерлік пойыздарды ресімдеудің ашық тәртібі енгізілді
Аймақтар
28.11.2025
Өткелдерді жаңарту жалғасуда
Жаңалықтар
28.11.2025
Астанада қозғалыс қауіпсіздігі бойынша байқау өтті
Жаңалықтар
28.11.2025
Ташкентте Транскаспий көлік дәлізі мен байланысты дамыту жөніндегі Инвесторлар форумы өтті
Қауіпсіздік
28.11.2025
Практикалық сабаққа қатысты
Жаңалықтар
28.11.2025
ҚТЖ және Rail Cargo Austria транзиттік осьті күшейтуде
Жаңалықтар / Мұрағат
28.11.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №99 28 қараша 2025 жыл
Аймақтар
27.11.2025
Теміржолшы кәсібіне құрмет
Аймақтар
27.11.2025
Техникалық кітапханаға – 90 жыл
Жаңалықтар
27.11.2025
ҚТЖ жеке вагондардың тоқтап тұруын қысқартуға шақырды
Инфрақұрылым
27.11.2025
Жабық жол қайта ашылды
Жаңалықтар
26.11.2025
ҚТЖ басшысы: Компания Әзірбайжанға астық жеткізуді 25 есеге арттырды
Спорт
26.11.2025
Күзет қырандары – спартакиада чемпионы
Жүк тасымалы
26.11.2025
Алты мемлекет Иран арқылы контейнерлік транзитті арттыру үшін күш біріктіруде
Жаңалықтар
26.11.2025
ҚТЖ Бакуде өткен ТМД елдері Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты