ҚТЖ 11 айдағы жұмыс қорытындысын шығарды

Жаңалықтар
14.12.2022, 09:20

2022 жылдың қаңтар-қараша айларында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша тиеу 230 млн тоннаны құрады. Республикаішілік қатынаста 154 млн тонна жүк тиелсе, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 2,7 млн тоннаға артық. Экспортқа 77,8 млн тонна жөнелтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тиеудің негізгі көлемі – 97,7 млн тонна көмір болды, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 2,1 млн тоннаға жоғары. Ел ішінде 67,6 млн астам тоннасы тасымалданды. Қатты отын экспорты 5,2%-ке, яғни 30 млн тоннаға дейін өсті.

Астық тиеу 8,7 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 9%-ке артық. Экспорттық тасымалдау көлемі 6,9 млн тонна жүкке жетсе, 2021 жылға қарай өсім 15% құрады. Ұнтақ өнімдерін тиеу 26%-ке, яғни 2,7 млн тоннаға дейін ұлғайды, экспорт 53%-ке, яғни 2 млн тоннаға дейін өсті.

2022 жылдың 11 айында 17,7 млн тонна темір кені, 4,1 млн тонна қара металл тасымалданды. Түсті кен мен күкірт шикізатын тасымалдау бойынша өткен жылдың көрсеткіші 2%-ке, яғни 20 млн тоннаға дейін, мұнай жүктері - 6,2%, 17 млн тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштар-3,3%-ке, 3,6 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктері 1,8%-ке, 14,7 млн тоннаға дейін асып түсті. Желідегі пайдалану жүк айналымы 11 айда 6%-ке артып, 230,3 млрд т-км неттоны құрады.

2022 жылдың қаңтар-қараша айларында барлығы 13 миллионға жуық жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейден 23%-ке өсті.

Компания теміржол көлігі инфрақұрылымын дамыту үшін шаралар кешенін іске асыруда. Темір жолдарды жөндеудің әр түрлерімен 1000 шақырымға жуық жол қамтылды. 2022 жылдың қараша айында Қарағанды облысында теміржол саласының ірі жобасын: Достық - Мойынты теміржол учаскесінде екінші жол салу іске асыру басталды.

Жоба отандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз ету және елдің транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған. Екінші жолдар құрылысы «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасына енгізілген. Жобаны іске асыру Достық – Мойынты учаскесінің өткізу қабілетін 5 есеге арттырады. 419 жасанды құрылыстар (5 үлкен көпір, 87 шағын және орта көпір, 288 су өткізгіш құбыр, 14 автожол өткелі), сондай-ақ энергетика, БОБ және байланыс құрылғылары мен объектілері салынады. Құрылыс 2025 жылдың 4-ші тоқсанында аяқталады.

ҚТЖ үшін жылжымалы құрамды жаңарту – басымдықты міндет. Ағымдағы жылдың қараша айында Компания «ALSTOM Transport SA» компаниясымен 2023-2029 жылдар кезеңінде 245 электровоз жеткізу келісіміне қол қойды. Бұл электровоздардың тапшылығы мәселесін шешеді және де қазақстандық жүк жөнелтушілерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.  

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Moody 's ESG Solutions рейтингтік агенттігі алғаш рет ҚТЖ ESG-ге 57 балл (теориялық 100-ден) баға берді, бұл Moody' s шкаласы бойынша екінші ең жоғары балл, «А2» тұрақтылық рейтингіне сәйкес келеді.

ESG берумен бағалау Компанияның тұрақты даму қызметінің жоғары тиімділігін көрсетеді және Компанияның ESG факторларын өзінің бизнес-процестеріне біріктіруге дайындығы мен қабілетінің мығымдығын көрсетеді.

Бүгінгі таңда ҚТЖ аз жүктелген учаскелер арқылы вагон ағындарының бағыттарын өзгерту, локомотивтерді қайта орналастыру, ірі тораптық станциялар мен учаскелердің өткізу қабілетін тиімді пайдалану сияқты жол бойында тоқтап тұрған пойыздар санын азайту бойынша бірқатар ұйымдастырушылық және технологиялық шаралар қабылдауда.

Қараша айында тасымалдау жұмыстарының ұлғаюына байланысты желіде вагон паркінің саны 2021 жылға қарай 22%-ке немесе 2017 жылға қарай екі есеге өсіп, 110 мың вагоннан асты. Бұл жағдай пойыз ағынын ілгерілетуде қиындықтар туғызады. Осыған байланысты, ҚТЖ басқа теміржол әкімшіліктерінің бос вагондарды қабылдауын 15 күнге шектеді.

 

Жаңалықтар
28.05.2026
ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Аймақтар
28.05.2026
Жақсылықтың жаршысы еді...
Спорт
28.05.2026
Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жүк тасымалы
28.05.2026
ТХКБ арқылы жүк тасымалы алты есеге артып, Қазақстанның ықпалы күшейді
Әлемде
28.05.2026
Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты
Қауіпсіздік
28.05.2026
Жыл басынан бері 24 адам пойыз астына түскен
Жаңалықтар
28.05.2026
Көлік министрлігінде теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселесі талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.05.2026
Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол бағыттарымен 99 мыңнан астам жолаушы қатынады
Жүк тасымалы
27.05.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы тасымалдау көлемі өсімді көрсетіп отыр
Жаңалықтар
27.05.2026
ҚТЖ магистральдық желіні жаңғыртуды белсенді жүргізуде
Жаңалықтар
27.05.2026
Болашақ магистралі: ҚТЖ және РЖД жастары жаңа көкжиектерді ашуда
Жолаушылар тасымалы
26.05.2026
Жазғы демалыс кезеңінде 15 қосымша пойыз жолға шығады
Аймақтар
26.05.2026
Шекарамаңы ынтымақтастығы нығаюда
Аймақтар
26.05.2026
Темір жолдың жаңаруы – өңірдің дамуы
Аймақтар
26.05.2026
Қауіпсіздік пен сапаның жаңа стандарты
Қауіпсіздік
26.05.2026
Атыраулық теміржолшылар темір жол бойындағы өртті ауыздықтады
Аймақтар
26.05.2026
Мамандық таңдау – маңызды іс
Инфрақұрылым
26.05.2026
Ақсу – Жаңа-Семей учаскесінде жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Жаңалықтар
26.05.2026
Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтті
Спорт
26.05.2026
Семейде теміржолшылар арасында тұңғыш рет садақ ату турнирі өтті