Нұра станциясының бүгінгі тынысы

Жаңалықтар
13.01.2023, 09:56
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қарағанды ЖТ бөлімшесіне қарасты бірінші класты Нұра станциясының негізгі жүгі – көмір тасымалы. Станциядағы «Kazakhmys Coal» ЖШС-не қарасты кіреберіс жолда қатты отын тиеу жұмыстары тынымсыз жүргізіледі. Әсіресе, бүгінгідей суық та аязды күндері көмір тасымалына сұраныс арта түскен.

Осы станцияны 2021 жылдан бері басқарып келе жатқан Мәди Әбен – «ҚТЖ 100 жас есім» жобасының қатысушысы, болашағынан үміт күттіретін жастың бірі. Нұраның бүгінгі жағдайы туралы баяндаған станция бастығының айтуынша, мұнда теміржолшылардың қалыптасқан мектебі бар. Себебі, осы кәсіпті ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келе жатқан еңбек әулеттері көп. Соның нәтижесі болар, әркім өз жұмысын жақсы меңгерген. Станцияда транзиттік пойыздарды қабылдап, қайта жөнелту, маневрлік жұмыстар мен жүк және коммерциялық операцияларды жүзеге асыру жұмыстары жақсы жолға қойылған.  

– Көмірдің орташа тәуліктік тиелімі 350-400 вагонды құрайды. Қарағанды-Сұрыптау, Топар, Жаңаауыл, Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев және тағы басқа ЖЭО-ларды көмірмен қамтамасыз етеміз. Тіпті көмір Челябинскіге де жөнелтіледі. Одан бөлек тәулігіне өзімізде құрастырылатын пойыздарды қоспағанда 40-50 жүк және 10 шақты жолаушы пойыздары станциядан өтеді. Себебі Нұра станциясы Астана мен Қарағандының аралығында жатқан, күре жолдың бойында орналасқандықтан транзит жүк көп, – дейді станция бастығы.  

Станцияда бүгінде 37 адам еңбек етеді, оның бесеуі – станция кезекшісі болса, төртеуі – парк кезекшісі, 5 пойыз құрастырушы, тағы 5 адам тасымал құжаттарын реттейтін оператор болса, 5 тауар кассирі, 9 жүк қабылдап-жөнелтуші бар. Инженер-технолог, станция бастығының екі орынбасары бар, нұралық теміржолшылар бөлімшенің табысын арттыруға өз үлестерін қосып келеді. Станция кезекшілері пойыздарды орталықтандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді.  

Айта кетсек, Нұра станциясы 1931 жылы Ақмола – Қарағанды теміржолы салынған кезде Орталық Қазақстанның байлығын игеру мақсатында логистиканы дамыту қажеттілігіне қарай құрылған. Кезінде мұнда Қазақстанға жер аударылған өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған. Мәселен, 1941 жылы үш мыңнан аса немістер қоныс аударып, кешеге дейін станцияда еңбек еткен олардың ұрпақтары әлі күнге бар. Осындай тарихи мекенде тұратын станция халқының негізгі жұмыс көзі – көмір кені мен теміржол.  

 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды