Ақтау портында жүкті ауыстырып тиеу көлемі 15%-ға артты

Жаңалықтар
25.04.2023, 11:35
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақтау порты – Каспий теңізіндегі маңызды көлік торабы. Маңғыстау түбегінде орналасқан теңіз айлағы жүк кемелеріне қызмет көрсетуге жылдың төрт мезгілінде де дайын. Айлақтан мұнай және мұнай өнімдері, металл, астық және тағы басқа жүк түрлері пароммен жөнелтіледі. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ақтау порты арқылы 1 млн тонна жүк ауыстырылып тиеліп, шетел асқан.

Қазақстан, Иран, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей және Түркияны байланыстыратын көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан порттың географиялық қолайлы орналасуының өзі жүкті ауыстырып тиеу көлемінің ұлғаюына ықпал етіп отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы үш айында заманауи көп мақсатты терминал арқылы жалпы ауыстырылып тиелген жүк көлемі 994 мың тоннаны құраған, 1 млн деуге болады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15% артық болып отыр. Осы ретте, мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 43% артып, 743 мың тонна шамасын құраған. Яғни, жүктің басым бөлігін мұнай тиелімі құрап отырғанын көреміз. Биыл металл жүгін ауыстырып тиеу көрсеткішінің өткен жылға қарағанда бес есеге өскені белгілі болып отыр.

Атап өтерлігі, Ақтау портының қазіргі заманға сай инфрақұрылымы жүктің кез келген түрімен қатар контейнерлердің де өңделуіне мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар теңіз сауда портын «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрамына енгізуге шешім қабылдануы – порт инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз етпек. Бұл, қызметтер спектрін кеңейтумен қатар, сапасын арттырып, контейнерлік тасымалдар мен жүк айналымын ұлғайтуға ықпал етеді. Жалпы еліміздегі теңіз порттарын одан әрі дамыту үшін бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру межеленген. Атап айтқанда, 2025 жылға қарай Каспий өңірі мен Орталық Азия елдері үшін контейнерлік сервис пен парк қалыптастыруға мүмкіндік беретін контейнерлік хаб құру жоспарланған. Жоба «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілген. Бұл жобаны іске асыру контейнерлерді ауыстырып тиеу бойынша олардың көлемін жылына 300 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайта отырып, қызметтердің толық спектрін көрсетуге мүмкіндік береді. Контейнерлік хабтың жобалық қуатына қол жеткізу үшін № 3 айлақты ұзарту және № 12 айлақты қайта құрылымдау жоспарлануда. Сондай-ақ, Ақтау портының жылына 12,5 миллион тоннаға дейін мұнай құю қуатын қалпына келтіру үшін № 9 және № 10 мұнай құю айлақтарын қайта жаңарту жүзеге асырылмақ.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды