Жауапты жұмыста – жанашыр жандар
Жаңалықтар
30.06.2017, 14:51
Бағдаршамның уақытылы жануы, бағыттағыш бұрмалардың кестеге сай ашылып-жабылуы, пойыздардың жүруі мен тоқтауы үшін қызмет ететін сызбаларды реттейтін релелік блоктар жүрек соғысы немесе сағат сынды ақаусыз жұмыс істеуі тиіс.
Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының Бақылап, өлшеу қосынындағы (КИП) жөндеу технологиялық цех бөлімінде аталған құрылғылар күтімін жасап, жөндейтін негізінен әйелдер. Бір ауысымда он беске жуық қыз-келіншек отырып күн сайын 50-60 релелік блок құрылғысының ақауын қалпына келтіреді. Байланыс дистанциясының «миы» саналатын КИП орталығындағы нәзік жанды механиктердің алды 40 жылға жуық еңбек етіп зейнетке шықса, кейін келгендерінің 10-15 жылдық тәжірибесі бар.
Аталған цехта Арыс – Сарыағаш, Арыс – Түркістан арасы мен Арыс станциясы бойынша бұзылған барлық релелік блоктар сауықтырылады. Яғни, күйіп кеткені анықталған соң, оны мұқият ашып көріп, қалпына келтіру керек. Механик әйелдер өздеріне бекітілген блоктарды жөндеген соң, екі рет тексереді, ал үшінші рет аға электр-механиктің сүзгісінен өтеді. Ол құрылғының толық жөнделгеніне көзі жеткен соң, пломбасын салып, этикеткасына қолын қояды. Солай «емделген» құрылғы қауіпсіздікті сақтауға сақадай сай өндіріске жол тартады.
Цех мамандарының айтуынша, қазір жөндеп отырған релелік құрылғының дені ескіргендіктен, қажетті бөлшектер келмейді. Көпшілігі 1971-1972, тіпті 1969 жылдары шығарылған. Мерзім бойынша 30 жыл қолданысты болу керек болса да, бүгін 50 жылға дейін жуық қауіпсіздікке қызмет етуде. Арасында істен шыққан құрылғының өзін пайдаға жаратып, ішіндегі бөлшектерін алып, бір-біріне салып біріктіреді екен. Көнелерінің артықшылығы сол, оған 220 кВ тоқ берілетіндіктен әйелдер ішін жанар-жағармаймен тазалайды.
Болашақта барлығы түйіспесіз релелік блоктарға яғни, бес жылда бір рет жаңартуды талап ететін МПЦ жүйесіне ауысуы мүмкін. Әзірге жыл сайын 24 механик пен 2 монтер екі мыңға жуық релелік блокты қалпына келтіріп тұрады.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты