2025 жылғы 12 мамырда Тегеранда Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары бастап барған “Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ делегациясы Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары – Иран темір жолдарының бас директоры, доктор Джаббар Али Закери, "Қытай темір жолдары" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сунь Сюдэ мырзаның қатысуымен, сондай-ақ Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия теміржол әкімшіліктері басшылары орынбасарларының алты жақты кездесуге қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Іс-шара Қытай – Қазақстан – Өзбекстан – Түрікменстан – Иран – Түркия/Еуропа тиімді көлік дәлізін қалыптастыру бойынша көпжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Осы маршруттың қажеттілігін айқындауды растау Қазақстан арқылы транзитпен Қытай – Иран бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында 2,6 есеге ұлғайту болды.
Кездесу шеңберінде осы маршрутта контейнерлік тасымалдарды жандандыру бойынша бірлескен іс-қимылдар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар халықаралық тасымалдар нарығында дәлізді ілгерілетуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.
Сондай-ақ тараптар бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды бекітті және бүкіл маршрут бойынша бекітілген жалпы жеткізу уақытын сақтауды қоса алғанда, Пойыздар қозғалысын ұйымдастырудың негізгі параметрлеріне келісті.