Үздік жобалар көрмесі: мүдде ортақ, жеңіс жалқы

Жаңалықтар
16.12.2025, 12:18
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жастар форумы аясында теміржолшы жастардың жеке немесе команда болып әзірлеген үздік жобаларының көрмесі өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларының назарына барлығы 16 жоба ұсынылып, авторлары бұл жұмыстардың Ұлттық компанияға әкелетін пайдасы, өндіріс процесіне әсері мен тиімділігі туралы жан-жақты баяндады.

Мәселен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының» тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментінің бас менеджері Тимур Қасымбеков «Маневрлік жұмыстардың тиімділігін арттыру» атты жобасымен таныстырды. Жоба мақсаты – маневрлік жұмыста локомотивтердің тиімділігін/маржиналдылығын кемінде 10%-ға арттыру болса, шешімі маневрлік локомотивтер жұмысына Optirail аналитикалық жүйені енгізу болып отыр. Optirail аналитикалық платформасы мыналарды қамтамасыз етеді: Операциялар мен тоқтап қалуларды есепке алу кезінде біріздендіру; ЖИ көмегімен көрсеткіштерді талдау (статистика хронометражы); Apq моделін енгізу; Вагондарды беру/жинау процестерінің ұзақтық нормалары мен стандарттарын қайта қарау; АБЖ ЭДТ локомотивтерінің геопозициясымен операциялар деректерін синхрондау, ЖИ көмегімен кідірістер мен операцияларды болжау.  

Семей жүк тасымалы бөлімшесінің қызметкерлері Еркежан Төлегенова мен Аяулым Тұрсынбекова бірлесе әзірлеген «Халықаралық өткізу пункттерінде жүк құжаттарын тексерудің автоматтандырылған жүйесі» жобасы ЖИ-тексерулер арқылы құжаттарды өңдеу уақыты мен қателер санын қысқартуды мақсат етіпті. Авторлардың айтуынша, бұл жобаны енгізуден келесі нәтижелерді күтуге болады. Бірінші, құжаттарды ресімдеу барысында кететін қателіктер санын 30-40% дейін төмендетуге, екіншіден, құжаттарды өңдеу уақытын 40 минуттан 5 минутқа дейін қысқартуға, сондай-ақ пойыздардың өткізу қабілетін арттыруға және тоқтап тұруын қысқартуға қол жеткізілмек.  

«Оқиғаларды ЖИ арқылы визуализациялау» атты тағы бір қызықты жобаны маңғыстаулық үш теміржолшы жас бірлесіп әзірлепті. Олар – Маңғыстау вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушісі Қуатбек Көпбаев, Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының СОБ аға электромеханигі Қуандық Боқаев және Қарақия станциясының бастығы Ілияс Тұрмағамбетов.  

Бұл жобаның мақсаты еңбекті қорғау жүйесін цифрландыру және «Нөлдік жарақаттану» (Vizion Zero) тұжырымдамасына қол жеткізу екен. Шешімі – KTZ HSE қосымшасына ЖИ-моделін енгізу. Бұл жобадан күтілетін нәтижелер мыналар болмақ: өндірістік жарақаттануды азайту; ақпараттық қабылдауды жеделдету; білім сапасын 100% бақылау; экономикалық тиімділікке қол жеткізу.  

Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды телімінің «Солтүстік» жолаушылар тасымалының өндірістік-техникалық бөлімінің 1 дәрежелі технигі Меруерт Қасымованың «Сапар алдындағы құрамның сапасын жасанды интеллект арқылы бақылау» деген жобасы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Жоба авторының пайымынша, сапаны бақылау функциясын орындау үшін ЖИ-шешімін қолдану нәтижесінде өндірістік тиімділікті өсіруге, адам факторын азайтуға, жұмыс процесінің айқындығын арттыруға, қызмет көрсету барысында шағымдарды төмендетуге қол жеткізілмек.  

Келесі бір маңызды жоба СОБ, байланыс және энергия желілерін болжамды талдаудың интеллектуалды жүйесі – СОБ, коммуналдық және теміржол энергетикалық желілерінің жай-күйінің мониторингін автоматтандыруды мақсат еткен. Авторы – Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің СОБ, байланыс және электрмен жабдықтау бөлімінің жетекші инженері Айбол Сейітжанов.  

Оның айтуынша, ЖИ-шешімді енгізу арқылы келесі функцияларға, атап айтқанда СОБ жағдайын талдау және бақылау; Жабдықтың күйін болжау; аномалиялар мен сәтсіздіктерді анықтау; сондай-ақ Қызмет көрсету үшін ұсыныстар қалыптастыруға қол жеткізуге болады. Ал бұл функциялар өз кезегінде – пойыздың тұрып қалуын азайтуға, СОБ-тың істен шығу және байланыс санын 30-50% дейін, қосалқы станцияларда энергия тұтынуды 5-7 %-ге дейін, сондай-ақ инженерлік персоналдың еңбек шығындарын 20-30%-ге дейін төмендетуге ықпал етпек екен.  

Бұлар форумда ұсынылған жобалардың бір легі ғана. Шын мәнінде, таныстырылған жобалар алуан түрлі болды және олар түрлі саланы қамтып, өзіндік тиімділігімен, ұтқырлығымен ерекшеленді. Мүдде ортақ болғанмен, жеңіс әрине жалқы болмақ. Яғни жан-жақты экономикалық тиімділігі дәлелденген ең үздік жобалар ғана өндіріске жолдама алатыны анық.

 

Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд