«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА: тиімді инвестиция көзі
Жаңалықтар
16.04.2018, 19:17
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев 11 сәуірде Шанхайда өткен «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ-ның Инвесторлар күніне қатысты. Онда ол ұлттық компанияның Қазақстандық экономика өсімінде инфрақұрылымдық негізді қамтамасыз етіп отырғанын, халықаралық логистика тізбегіне Қазақстанды біріктіру және елдің көліктік-логистикалық жүйесін дамыту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалып отырғанын жеткізді.
Бүгінде Ұлттық компания тасымалдап жатқан жүгінің көлемі бойынша әлемнің 15 ірі теміржол компаниясы қатарына кіріп отыр. Осы ретте, Қазақстан үшін транзиттік жүк тасымалында көршілес Қытай елінің рөлі орасан зор болып отырғаны белгілі.
2017 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Қытайдың Еуропалық одақ, Орталық Азия елдерімен, Кавказ және Түркия, сондай-ақ, Таяу Шығыс және Үндістамен арадағы тауарайналымы, қытайдың кедендік статистика деректері бойынша 860 млрд АҚШ долларын құраған. Ал сарапшылардың бағамдауына келсек, 2020 жылға қарай жаңағы елдермен тауар айналымы 1,2 трлн долларға дейін өседі деп болжануда. Соның ішінде, ЕО елдерімен 800 млрд доллар шамасын құрамақ.
«Еуразиялық құрлықтың ірі нарықтары арасында орналасқан Қазақстанның тиімді географиялық жағдайын ескере отырып, біз өз серіктестерімізбен бірлесе 2011 жылдан бастап, Қытайдан Еуропаға бағытталған контейнерлік транзиттік тасымалды дамытуға кірістік, бірінші жылы 1,1 мың контейнер тасымалданды, ал өткен жылы бұл жүк ағынын 200 мың ЖФЭ-ге жеткіздік, яғни 200 есе өсім. Нәтижесінде ЕО мен Қытай арасындағы тауар айналымында құрлықтағы бағдар үлесі 2%-ға өсті, сол көлемнің 70%-ы трансқазақстандық бағдарлар еншісінде», – деп атап өтті Қанат Алпысбаев.
Қазақстанның халықаралық логистикалық тізбегіне бірігуі үшін мемлекет тарапынан қолайлы инфрақұрылымдық және институционалдық жағдайлар жасалғанын айтып өткеніміз жөн болар. Айталық, көліктік-логистикалық активтердің жаңаруы, 2,5 мың километрлік жаңа теміржол желісінің салынуы, жылжымалы құрамдардың жаңалануы, терминалдық және порттық инфрақұрылымдардың бой түзеуі мұның бәрі транзиттік тасымал әлеуетін арттыруға, клиенттерді көптеп тартуға бағытталған еді. Бүгінде бұл еңбек көп күттірмей нәтижесін беруде. Мәселен, Қытаймен шекаралас Алтынкөл, Достық теміржол станцияларының логистикалық инфрақұрылымының өткізу қабілеті 40 млн тоннаға дейін артқан.
Ал Каспий теңізі арқылы мультимодальдық тасымалдың жоғары әлеуеттік өсімін жүзеге асыру үшін Ақтау порты жетілдіріліп, жаңа Құрық порты салынған. Тағы бір маңызды жоба, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы болып отыр. Мұнда Қытайдан Еуропа мен Орталық Азия елдеріне бағытталған барлық жүк ағыны шоғырланады. Бұл жерде, Қорғас – Шығыс қақпасының трансқұрлықтық мультимодалды тасымал жүйесінде маңызы бойынша Суэцк каналына балама ретінде стратегиялық рөл атқаратынын атап өткен жөн.
«Ляньюньган портында пойыздарды шоғырландырып және оларды әрі қарай шекараға дейін жеткізе келіп, біз шекаралық Алтынкөл станциясы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-дағы Құрғақ портта жүктерді әртүрлі бағыттар бойынша бөлеміз. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Ляньюньган бірлескен кәсіпорнында 221 контейнер өңделген, бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 20%-ға жоғары. Сондай-ақ, Қазақстандағы Құрғақ портта да өңделген контейнерлер өсімі 20%-ды немесе 185 мың ЖФЭ-ті құрады», – дей келе Компания басшысы, HP, DHL, John Deer сияқты трансұлттық компаниялардың жайластырылған логистикалық тізбегі – Қорғас арқылы халықаралық логистиканы ұйымдастырудың тиімділігі мен сапасын растап отырғанын, сондай-ақ, бұл өз кезегінде, жаңа клиенттер тартуға және тасымалдау географиясын кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты капиталына COSCO Shipping және Ляньюньган портының кірігуі – АЭА-дағы индустриалдық және логистикалық инфрақұрылымдарға инвестициялар тартуда және көлемді ұлғайтуда қосымша катализатор болмақ. Осы ретте, Қорғастың Құрғақ портын дамыту бойынша бірлескен шаралар жоспарында бірнеше шара қаралған. Оның бірі, клиенттік базаны кеңейту және жүктерді трансқазақстандық бағдарларға бағыттау арқылы Құрғақ портты COSCO халықаралық желісіне біріктіру болса, екіншісі, әлемдік көліктік-логистикалық нарықтың ірі қатысушыларын ымыраға келтіріп, біріктіру есебінен құндық және уақытша шығындарды оңтайландыру, «Ляньюньган – Қазақстан» бағдарын дамыту болмақ. Сонымен қатар, 2013 жылдан бері «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА басқармасына порттардың, арнайы аймақтардың, терминалдардың әлемдік операторы DP World компаниясы қатысып келеді. Осындай әлемге танымал компаниялардың «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-на қатысуы, өзге де инвесторлардың АЭА-да өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру және логистикалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Бүгінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-дағы жалпы инвестиция көлемі 1,6 млрд долларды құрауда.
«Қазақстан мемлекеті сандық технология қарқынды дамып жатқан қазіргі заманда логистика процестерін цифрландыруға айрықша көңіл бөліп отыр. Қазіргі кезде «Қорғас» Құрғақ портында терминалдық-қойма жүйесі және «Номад» деректерді өңдеу орталығы енгізіліп отыр, ол бизнес-процестерді тасымал ұйымдастырылған сәттен бастап терминалдық-қоймалық операцияларға дейін жүйелейді және ол кедендік бақылау қызметімен және E-gov жүйесімен біріктіріліп отыр. Сонымен қатар бұл жүйе Құрық портында пилоттық режимде тираждалып, енгізілген, келешекте оны компанияның барлық көліктік-логистикалық активтеріне енгізу жоспарда бар. Жалпы осы қабылдап отырған шаралар нәтижесінде, 2020 жылға қарай, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арқылы жүк ағынының өсімі 10 млн тоннаға дейін жетеді деп күтілуде», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев. – Бүгінде Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы инфрақұрылымдық және институционалдық жағдай жасалған. Көліктік-логистикалық және өзге активтерді жекешелендіру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Әуе көлігімен салыстырғанда бағасы бойынша және теңізбен салыстырғанда жеткізу мерзімі бойынша бәсекеге қабілетті, түпкі нарыққа жүкті жеткізу үшін құрлықтық жедел бағдарларды дамыту – логистикалық, индустриалдық және сауда жобаларына инвестиция салу үшін тиімді аймақтарды қалыптастырады» дей келе Компания басшысы, бизнес-қауымдастық өкілдерін ауқымды көліктік-логистикалық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бойынша жаңа идеялар және инвестициялық жобаларды талқылау үшін Компания қашанда ашық екенін жеткізді.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жаңалықтар
13.05.2026
Үш өңірде вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Жаңалықтар
13.05.2026
Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Әлемде
13.05.2026
Ресей темір жолы жаңа капсулалы вагондарды таныстырды
Аймақтар
13.05.2026
Ардагерден бата алды
Жүк тасымалы / Инфографика
13.05.2026
2026 жылдың алғашқы төрт айында ҚТЖ желісінде 84 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жолаушылар тасымалы
13.05.2026
ҚТЖ жазда 4,2 млн жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр
Спорт
13.05.2026
Маңғыстауда теміржолшылар арасында аймақтық турнир өтті
Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді