Балқаштықтар бағындырған белес
Жаңалықтар
15.05.2018, 16:36
Орталық Қазақстанда орналасқан кластан тыс телімдік станция Балқашта теміржол жұмысы қашан да қауырт. Өнеркәсіп, құрылыс және ауылшаруашылық кәсіпорындары, темір жол көлігі қызметін пайдаланушы өзге де халық осы Балқаш станциясының ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Қазіргі кезде станцияда жүк тиеу және жөнелту мөлшері мейлінше ұлғайған. Әсіресе, станциядан көмір, кен, мұнай, орман ағаштары, астық сияқты жүктердің келіп-кетуі ұлғайып отыр.
– Бүгінде Қытай-Европа контейнерлік пойыздарын өткізу жұмысы қалыптасқан. Мәселен, станциядан тәулігіне 10 жұптан астам контейнерлік пойыздар өтеді. Сонымен қатар Балқаш-Қарағанды, Астана-Семей және халықаралық Үрімші-Астана жолаушылар пойызы өтеді. Келешекте Тальго вагондарынан жасақталған жолаушылар пойыздарын өткізу жоспарлануда, – дейді станция бастығы Аманжол Омаров.
Оның айтуынша, тасымал жоспарының орындалып-орындалмауы станция ұжымының жұмысына байланысты. Сондықтан станцияның әр қызметкері қауіпсіздік пен еңбек үдерісі ережесін қатаң сақтап жұмыс істеуге дағдыланған. Соның арқасында Балқаш станциясының бірінші тоқсандағы пайдалану жұмысының қорытындысы көңіл қуантарлық. Мәселен, он негізгі пайдалану көрсеткішінің біреуі ғана орындалмаған. Ол өңдеуден өтпейтін транзиттік вагонның тоқтап тұруы екен. Мәселен, ол вагонның тоқтап тұруы 2,76 сағат болса, нақтысында кідіруі 2,86 сағатты құраған. Яғни, тоқтап тұру уақыты 0,10 сағатқа артық болған. Станция басшысының сөзінен ұққанымыз, мұның себебі: жүк жөнелтуші Достық станциясына бағытталған бос фитингілік платформаларды қабылдамаған.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Балқаш-1 және Балқаш-2 станцияларында уақытша 5 жүк пойызы немесе 210 вагонның уақытша қозғалысы тоқтатылып, 28429 вагонсағатты құрап, 135,38 сағат тоқтап тұрған. Соған қарамастан, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жоспарлы 3046 вагонның орнына, 4279 вагонға жүк тиеліп, жоспар 1233 вагонға артық орындалған. Ал тоннаға шаққандағы көрсеткіш 77790 тоннаға немесе 41% артық болған. Десе де, жоспардың асыра орындалғанына қарамастан, жүк тиелімі көрсеткіші былтырғы межеден асып кете алмаған. Номенклатуралық жүк күкірт қышқылының негізгі жоспарға сай орындалмауына, күкірт қышқылы цехындағы пешті жөндеу және жабдықты қалпына келтіру, сондай-ақ, өнімнің жоқ болуына байланысты «БЦМ» ПО жүк жөнелтушісінің жүк тиеуден бас тартуы себеп болған.
– Үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында жүк түсіру жоспары 103%-ке орындалды. Межелі 18396 вагонның орнына 19015 вагоннан жүк түсірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі жұмыс жоспарымен салыстырғанда да 2%-ке артық орындалып отыр. Жергілікті вагонның тоқтап тұруына байланысты уақыт мөлшері 27,86 сағат болса, нақтысында 20,75 сағатты құрады. Сөйтіп, жоспар 111%-ке орындалды. Ал бір жүк операциясы кезінде вагонның тұруы, проценттік қатынаста 137%-ке орындалды. Өңделген транзитті вагонның тұруына қатысты жоспар 104%-ті құрады. Вагон айналымына келсек, ол норма бойынша 1586 вагонды құрауы тиіс болатын. Бірақ, бұл межені де біз 111%-ке орындадық. Станцияның негізгі қызметі бойынша кірісі де артты, – дейді станция бастығы.
Станция мен кірме жолдардағы маневрлік жұмыстарды Балқаш локомотив пайдалану депосына қарасты СКД6е жетілдірілген жаңа маневрлік тепловозы атқарады екен. Техниканы машинист «бір өзі» тәсілімен жүргізеді екен.
– Бүгінгі күнге дейін Балқаш локомотив пайдалану депосында 2ТЭ10М сериясындағы тепловоздар болған еді. Соңғы уақытта локомотив паркі тартымдық қызмет жағдайымен, телімнің өткізу қабілетін ұтымды пайдаланатын және жүк тасымалына аз шығын жұмсайтын эволюшндік ТЭ33А сериясындағы ЕS44ACI локомотивтермен жаңартылуда, – дейді станция бастығы.
Бүгінде Балқаш станциясында жан-жақты ойластырылған жұмыс технологиясы бар, соның арқасында жүк және жолаушылар тасымалы табысты жүзеге асырылып, өзіндік құн төмендеуде, ал вагон айналымы шапшаңдатылып, еңбек өнімділігі артуда екен. Соңғы жылдары техникаға және пайдалану жұмыстарын басқару тәсілдеріне қатысты түбегейлі өзгерістер болып, жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығы артқан.
Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау саласына келсек, маневрлік жұмыс, пойыздар қозғалысында қозғалыстың бұзылуына жол берілмеген. Сондай-ақ, жылжымалы құрамды сақтау қамтамасыз етіліп, байланыстың негізгі құралдарын жабу, техникалық құралдардың жұмыс барысында істен шығуы, кіреберісте пойыздарды ұстап қалу, қауіпті жүктер тиелген вагондардың ағытылып кетуі сияқты кемшіліктер болмаған. Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау бағытында да өндірістік жарақаттану оқиғаларына жол берілмей, еңбеккерлер ереже талаптарының үдесінен табылуда.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл