Алты жылға созылған іссапар...

Жаңалықтар
18.05.2018, 12:08
1997 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмола қаласына ауыстыру туралы шешім шығарған соң  Арқаға бет алған көш басталғаны белгілі. Лектің алдымен мемлекеттік мекемелер мен министрліктер оңтүстіктен солтүстіктегі жаңа астанаға қоныс аударды. Ал 1998 жылдың мамыр айында Қазақстан Президентінің Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.  Алғашқылар қатарында Астанаға көш басын бұрған «Қазақстан темір жолы» РМК қызметкерлері сол жиырма жыл бұрынғы ел өміріндегі елеулі оқиғаны бейне бір қызықты  ертегідей еске алады. Солардың бірі бүгінде зейнеткер, осыдан 20 жыл бұрын  «ҚТЖ» РМК қозғалыс қауіпсіздігі Бас ревизорының орынбасары болып   қызмет атқарған Құмарбек Қойшыбаевпен кездесіп, аз-кем әңгімелескен едік.     – Мен үшін бұл аттай алты жылға созылған қызметтік командировка болды, – дейді сол кезде «ҚТЖ» РМК ревизорлар аппаратында қызмет еткен Құмарбек Қойшыбаев, – әлі есімде, алғаш рет Бас ревизор Борис Есенаманов Астанаға баруға тілек білдіретіндер бар ма дегенде, үш-ақ адам шықтық.  Жаңа астанаға баруға құлшынғаннан гөрі, бізде Борис Александровичке қолдау көрсету бірінші орында тұрды. Шыны керек, сол жылдары Ақмола астана болады дегенге сенімсіздікпен шүбәлана қарағандар көп болды. Сондықтан Жетісудай жер жәннатын, Алатаудың баурайындағы әсем қала Алматыны тастап, жердің түбі қиырдағы суық та сүреңсіз қалаға қоныс аударуға тілек білдіргендер жоқтың қасы болды.   – Алғаш келгендегі әсерлеріңіз қалай болды? –  Алматыдан улап-шулап аттанған біз пойызбен Ақмолаға келгенде алтын күзіміз бірден қақаған қысқа айналып сала берді. Азынаған ызғарлы суық жел, қатқақ қар, түнерген сұп-сұр сүреңсіз қала бізді көңілсіз қарсы алды. Локомотив депосының жанындағы жатақханаға орналасып ертесі жұмысқа кірісіп кеттік. Бұрынғы Тың теміржолының басқармасы орналасқан ғимаратқа сыймағандар бөлек қаланың әр бұрышында, табылған жерде шашырай орналасқан. Жатақханаға тек түнде жатуға келгеніміз болмаса, күні бойы жұмыстамыз. Бірте-бірте «спартандық» өмірге де үйрене бастадық. – Өздеріңізді командировкада жүргендей емес, астананың тұрғыны ретінде қабылдаған күн қашан туды? – Тоғыз айдай жатақханада тұрған соң бізге үй берді. Алматыдан әйелім де келген болатын, Жолаушы вагондарын пайдалану депосынан осындағы «прачечныйға» ауысып келді. Өз үйіміз болып, отбасым жанымда болған соң кәдімгідей өзімді астаналық сезіне бастадым. Айналасы бірнеше жылда кешегі сұрықсыз қала адам танымастай өзгеріп бара жатқаны да таң қаларлық еді. Алматыдан кезең-кезеңмен ҚТЖ-ның басқа да қызметтері әлі де қоныс аударып жатты, бірақ сонау 98-дегідей құлықсыз емес, топ-тобымен қуана келіп жатқан халықты көріп Ақмоланың шынымен астанаға айналғанына бүкіл жұрт сеніммен қарай бастады.    – Ал алты жылдан соң не болды? – 2003 жылы зейнеткерлікке шықтым, әрі қарай да қызметімді жалғастыра беруіме еш кедергі болған жоқ. Бірақ аяқ астынан әйелім ауырып, дәрігерлер климат ауыстыру қажет деп тапты. Осылай біз Алматыға қайта қайтуға мәжбүр болдық. Бес-алты жыл өткен соң Астанаға қонаққа келгенде қаланы танымай қалдық, осындай аз уақыт ішінде мынадай ғаламат өзгерістер орын алуы ақылға сыймайтындай. Біз көрген астана мен бұл астананың айырмашылығы жер мен көктей еді... Бүгінде, міне, 20 жылдық тарихы қалыптасып үлгерген жас та болса бас қала өзінің астана деген статусына әбден лайық, Еуразияның  жүрегінде орналасқан ірі мегаполиске айналды. Алматыдан бөлек тағы бір жауһар қаламыз пайда болғанын мақтан етеміз. Кезінде тың игеру кезінде пайда болған елеусіз қаланы астанаға айналарына сенім білдіргеннен гөрі шүбә келтіргендер көп болғаны анық. Бірақ, Елбасымыздың көреген саясаты мен асқақ арманының  арқасында мүмкін еместің өзі мүмкін болып отыр, – деп әңгімесін аяқтады ардагер теміржолшы. 1940 жылы Алматы қаласында туылған Құмарбек Мақсұтұлы, еңбек жолын теміржол училищесін бітірген соң Ағадыр локомотив депосында тепловоз жөндеуші слесарь болып бастаған. Сосын Матай және Үштөбе, Аягөз  станцияларындағы локомотив деполарында көмекші машинист, машинист, депо кезекшісі, т.т. болып еңбек етті.   1969 жылы Ташкент теміржол иститутын «тепловоз және тепловоз шаруашылығы» мамандығы бойынша бітіріп, ұзақ жыл Алматы және Защита теміржол бөлімшелерінде тер төкті. Матайда  локомотив депосын басқарды, Защита болімшесі бастығының орынбасары болды, Алматы темір жолында локомотив қызметінде инспектор, бөлім бастығы болды. 1992-95 жылдары Алматы темір жолы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жолдық ревизор болды. Ал 1997 жылдан зейнетке шыққанша «ҚТЖ» РМК қозғалыс қауіпсіздігі Бас ревизорының орынбасары болып еңбек етті. Теміржол көлігінде 42 жыл тер төккен, «Еңбек ардагері» медалінің иегері.  

Меруерт ЕСЕНБЕКҚЫЗЫ

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды