Ардагерлер арасында

Жаңалықтар
13.07.2018, 10:35
Қызылордалық ардагерлер  Астана қаласының 20, Қызылорда шаһарының 200 жылдығы құрметіне шахматтан турир өткізді. Бөлімше ардагерлері  кеңесінің төрағасы Поштабек Нарманов бастаған зейнеткерлер елдік шараға осылай атсалысып, өздерінің әлі де болса қоғамда алар орны бар екендіктерін білдірді.   «Ақсүйектер ойыны» аталған зерде сайысында қарсыластарының интеллектуалдық ойы мен тактикасынан сыралғы болып, жаңа қорғаныс пен шабуыл түрлерін ойластыра білген зейнеткерлер Аманжол Әлібеков пен Валерий Зверевке жететін ешкім болмады. Олар баршаны өздерінің шебер ойын тәсілдерімен тәнті етіп «чемпион» атағына лайық деп танылып, шілде айының соңында Астана қаласында өткізілетін республикалық турнирге жолдама алды. – Бүгін біздің бөлімше ардагерлері арасында өткізілген шахмат сайысы  «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» кәсіби одағы ұйымының төрағасы Ермек Төлегеновтың  бастамасымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асыру мақсатында өткізіп отырмыз, – деді турнирді ұйымдастырушылардың бірі бөлімшенің кәсіби одағы ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев. Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша, жүлделі 3-орынды Валерий Николаевич Зверев иеленсе, 2-орынды Асқар Тілеуқабылов алды, ал 1-орынды тәжірибелі ойыншы Аманжол Әлібеков қанжығасына байлады. Нәтжесінде осы жүлделі орындарды иеленген ардагердің үшеуі де Астана қаласында өтетін шахмат турниріне жолдама алды. Жүлдегерлерге бөлімше кәсіподағы атынан әзірленген бағалы сыйлықтар табысталды.     Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Қызылорда Суретті түсірген автор
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл