«TOPZHARGAN» – тұлғалық дамыту бастауы

Жаңалықтар
23.12.2019, 19:59
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да топ менеджментті дамыту бағдарламасы бойынша ҚТЖ басшыларына арналған модульдік оқыту жүргізілуде. «Топжарған» модульдік тұлғалық дамыту бағдарламасы шеңберінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның аймақтық филиалдарының басшылары мен олардың бірінші орынбасарлары және Магистральдық желі дирекциясы филиалының өңірлердегі бөлімшелерінің директорлары, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ және басқа да еншілес ұйымдардың аймақтардағы филиалдарының басшылары білім алуды бастады.

Барлығы 53 адам аталған бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы Персоналды дамыту және бағалау орталығында жаңаша бағытта дәріс алуда. Оқу мерзімі 2019-2020 жылдардың қыркүйек аралығы. Бұл модульдік оқыту бағдарламасының мақсаты – жобалық идеялар дайындап, командалар құру, жобалар тәуекелі мен тиімділігін есептеу. Тиімділігі – ҚТЖ үшін маңызды деген өзгерістерге бастайтын жобаларды анықтау, аттестациядан өткен басшыларды ынталандырып, оларға қажет біліктіліктерін дамыту, кросс-функционалды өзара қарым-қатынасты жетілдіру, т.т. болмақ. Модульдік оқыту шарасына қатысушыларға алдымен жоба әзірлеу үйретілді. Олар компанияның ең өзекті деген бүгінгі күнгі мәселесін тауып, соны шешу бойынша сарапшылармен ақылдасып, бірнеше тақырып таңдайды. Сол таңдаған тақырыптары бойынша жоба жасап шығарады. Аталған модульдік жобалау оқыту шаралары кезінде олар сол тақырыптарына сай жобаны қорғайды. Желтоқсан айының 20-21 күндері өткен бірінші модуль кезінде осы жобалар қорғалды. Олар келесі жылғы екінші модульге дейін жүзеге асырылып, компанияның дамуы үшін тиімді деп табылған жобалар пилоттық негізде өндіріске енгізіледі. Алғашқы модульге қатысушы 53 басшы әр өңірден іріктеле отырып, бір команда құрып, жалпы 6 топқа бөлінді. Соған сай 6 жоба қарастырылды. Оларға Ресей темір жолы және CORP solutions компаниясы мамандары және басқа да осы саладағы профессорлар, ҚТЖ компаниясының стратегия саласындағы департамент өкілдері жобалармен жұмыс бойынша дәріс берді. 2-3 күндік модуль барысында темір жол мекемелерінің басшылары заманауи бағытта өз жобаларын кезең-кезеңімен қалай қорғау керектігін үйреніп шықты. Сонымен бірінші модульге қатысушыларының көтерген мәселесіне орай 6 жоба бекітілді. Атап айтқанда, бірінші – коммуникациялар санын қысқарту, екінші – жергілікті жерлерде тексерулер саны азайту, үшінші – нормативтіктехникалық құжаттарға арналған мобильді қосымша ашу, төртінші – УЗ датчиктерді орнату бойынша жоба, бесінші – ККЖ АБЖ (АСУ ДКР) жетілдіру бойынша мобильді қосымша жасау және алтыншы – цифрлық сервис құру жобалары.

– Қазіргі таңда жобалардың аты мен идеясы ғана бар. Біз енді мақсатымызды анықтауымыз керек, компаниядағы қызметті осы жобаға дейін қандай еді, жобадан кейін қандай болатынын нақты толық етіп сипаттап жазуымыз қажет. Оны сызбалар арқылы суреттеуге тиіспіз. Сонымен қатар жоба құны қанша тұратынын, оған қаржыны қайдан алуға болатынын, оның тиімділігі неде екенін, сондай-ақ бұл жоба дұрыс болмай қалған жағдайда не істеу керектігін анықтап алуымыз керек. Осының бәрін екі күнде біліп, дәріс беру және командалық жұмысты кезектестіре отырып, жұмыс жүргіземіз, – деді модуль басталған кезде шараны жүргізуші, профессор, экономика ғылымдарының докторы Дмитрий Котов.

Ішкі консультант ретінде осы шараны ұйымдастырып, атқаруға Ресейден шақыртылған сарапшының айтуынша, модульдің алғашқы күнінде Қазақстан теміржолы қызметін жақсартуға, жетілдіруге арналған барлығы 18 жоба идеясы ұсынылыпты. Компания басшылығы соның ішінен ең тиімді әрі қажет, маңызды деген 6 жобаны таңдап алған. Ойынға негізделген оқыту шарасы болғанмен айтылған жобалардың бәрі де шын мәнінде қаржы бөлініп, жүзеге асырылатын салмағы басым жұмыстар болып табылады.

– Біздер бесінші топқа бөліндік. Жобамыз нормативтік-техникалық құжаттарды әрбір жұмысшыға тез жеткізуге бағытталған мобильді қосымша құру туралы болып отыр. 

Бізге аймақтарға орталық аппараттан шыққан бұйрық, жеделхаттар тез келіп болмайды, ол келгеннен кейін де таныстыру үшін қызметкерлерді жинап бәріне ауызша айтамыз. Ал өз телефондарындағы мына мобильді қосымша арқылы әр жұмысшы сол құжаттармен бірден танысып отырады. Қазір әр өңірден келген әріптестердің арасынан біздің топқа біріккен 10 адам болып, осы жобаны ұсындық, алдағы жылдың 1 қазанына дейін жобаны толық жүзеге асыруды көздеп отырмыз, – дейді «Қазтеміртранс» АҚ Атырау филиалының директоры Саламат Төлегенов. Модуль бойынша бірінші топтың өкілі болып бөлінген Ақтөбе ЖТ жол бөлімшесінің директоры Бөріхан Беркімбаевтың айтуынша, олар теміржол бойынша халықаралық түйісу нүктелеріндегі тасымал жұмысын жетілдіруге арналған жобаны қорғауда. – Әзірге біз ең маңызды әрі жүк ағыны көп Достық пен Алтынкөл халықаралық түйісу нүктелерін алып отырмыз. Себебі қазір көп контейнерлік тасымал, транзит осы станциялар арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде осы станцияларда кедендік тексеру және тағы басқа органдардан өту үшін бір пойыз 24 сағат тұратын болса, біздің жобамен пойыздар шамамен 4,5 сағат қана тұрады. Аталған станцияларда жобамыз бойынша жұмыс жолға қойылса, соның үлгісінде Ресеймен және Каспий теңізімен шектесетін басқа да халықаралық түйісу нүктелерінде жұмыстар жаңа бағытта жүргізілетін болады, – дейді ол. Ал теміржолдағы толассыз ревизорлық тексерулер санын қысқарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру туралы жобаны ұсынған алтыншы топтың өкілі – Павлодар ЖТ жол бөлімшесінің директоры Дәулетбек Нығметовтің айтуынша, бүгінгі таңда түрлі ревизорлық тексерулерден көз ашпайтын теміржолшылар үшін бұл – негізгі жұмыстан алаңдататын басты кедергілердің бірі. – Алаңдатады, уақыт алады, жүйкеге психологиялық жүк түсіреді. Іссапар шығындары тағы бар. Сондықтан біз осындай жобаны ұсындық. Кеше мұны сарапшылар комиссиясы мақұлдады. Енді оны соңына дейін жеткізіп, қорғап, іске асыруымыз қалды. Жобаны жүзеге асыру үшін ревизорлық тексерулерді кезең-кезеңімен қысқартуды айттық. Мәселен, бірінші тоқсанда оларды 10 пайызға, үшінші тоқсанға дейін 25 пайызға дейін, жалпы бір жылда 50 пайызға дейін қысқарту керек деп санаймыз, – дейді ол. 

Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты