Вокзалдар қандай тәртіпте жұмыс істейді?

Жаңалықтар
09.06.2020, 11:15
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Әлемді жайлаған коронавирус індетіне қатысты карантиннен кейін ел тіршілігі жандана бастады. Апта басында жолаушылар пойыздарының жүруімен вокзалдар жұмысы да қыза түскендей. Десек те, стратегиялық нысанда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, жұмыс режимінде өзгерістердің бар екені байқалады. Ол қандай өзгерістер? Жалпы вокзал шаруашылығының бүгінгі тыныс-тірлігі қандай?

– Қазір еліміздегі теміржол вокзалдары 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне еніп отырған, Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің биылғы 14 мамырдағы №9 «Қазақстан Республикасында тұрақты ішкі темір жол қатынастарын жаңғырту кезіндегі санитариялық-карантиндік бақылау туралы» регламенттелген қаулының талаптарына сәйкес карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге көшті. Яғни, карантин кезінде ауаның ылғалдылығы мен температураның оңтайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін вентиляция және ауаны тазартып отыратын жүйелерге тексеру жүргізіліп, сүзгіштер ауыстырылып, дезинфекция, жуу, тазарту жұмыстары жасалды. Кейбір вокзалдарға желдеткіштер орнатылды. Ал кондиционер жоқ барлық нысандар жиі, яғни 3 реттен кем емес есік-терезелері ашылып, ауасы тазартылып тұрады.

Сонымен қатар жолаушыларға вокзал ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін едендерге шектеу белгі-таңбалары салынған, қабырғаларға тақырыптық флаерлер ілінген, тіпті касса залдары мен күту залдарында орналасқан кресло-орындықтар арасында да қашықтықты сақтау туралы белгілер орнатылып және де дауысзорайтқыш арқылы адамдарға COVID-19 шектеулері туралы хабарландыру жасалып тұрады. Барлық вокзалда карантин бұрыштары ұйымдастырылған. Пайдаланылған медициналық маскалар мен қолғаптарды тастауға арналған қоқыс жәшіктері орнатылған, - деп мәлімет берді Магистральдық желі дирекциясы директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Абай Досанов.

Сонымен қатар, вокзалға келген жолаушылардың медициналық маскада болуы қатаң талап етілетінін, олардың кіреберісте қол жүктері арнайы тексеру жабдығынан өтумен қатар жолаушылардың өздерінің де дене температурасы байланыссыз термометрия арқылы тексерілетінін, кіреберісте жолаушыларға қолдарын залалсыздандыру үшін дезинфекциялау құралдары бар санитайзерлер орнатылғанын жеткізді.

«Бұдан бөлек, пойызға отыруға келген және пойыздан түскен жолаушылардың ағынын бөлу үшін жекелеген дәліздер жасалған, яғни, олардың жақын байланыста болмауы қамтамасыз етілген. Сондайақ, билет сатып алуға касса залдарына өту үшін арнайы дәліз жасалған. Яғни, билет сатып алушылар бірден вокзал ғимаратына кірмей, сыртта бір-бірінен тиісті қашықтықты сақтап кезекте тұрады да, іштегі кісінің шығуымен бір-бірлеп кіреді. Және бір ескер тетіні, вокзалға тек жолаушы ғана кіреді, шығарып салушыларға кіруге тыйым салынған», деді вокзал шаруашылығының өкілі.

Абай Досанов сонымен қатар, вокзал шаруашылығы бойынша биыл қандай жұмыстар жүргізіледі және ел өңірлеріндегі қай вокзалдар жөндеу жұмыстарына зәру деген сауалдарға да жауап беріп өтті.

– Көкшетау және Семей вокзалдарына ағымдық жөндеу жүргізілді. Қазір тек абаттандыру жұмыстары қалды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар қазіргі стандарт талаптарына сай ені 125 см дейін кеңейтілді. Бұрын ол 85-90 см болатын. Ал қазіргі электронды арбалар кеңдеу келгендіктен, олардың еркін жүріп тұруы үшін осындай талап қойылды. Бұл жұмыстарды алдағы 2022 жылға дейін еліміздегі барлық вокзалда орындап шығу межеленген.

Сонымен қатар келесі жылы Тараз вокзалын жөндеуден өткізу жоспарда бар. Соған байланысты жобалық-сметалық құжаттарды дайындап жатырмыз. Сосын бізде мынандай бір түйткілді мәселе бар. Шу вокзалының ғимараты ұлттық компанияға қарайды да, ал перрон аумағы әкімдік қарамағында. Сол перрондағы саудаға байланысты халықтан жиі шағым түсіп жатады. Қазір осы мәселе бойынша облыстық әкімдікпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бүгінде Алматы-1, Алматы-2, Шымкент, Түркістан вокзалдары бір жарым жыл ішінде әкімдік қарамағына өткен.

Ал Павлодар, Екібастұз, Ақсу вокзалдарының әкімдік еншісінде болғанына он жылдан асты. Сондықтан бұл ғимараттардың жайкүйіне әкімдік жауап береді. Біз тек бұл вокзалдарда технологиялық процестерді іске асырамыз, яғни, билет сату, пойыздарға жолаушыларды шығарып салу, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды ұйымдастырамыз.

– Ал өткен жылы Қарағанды вокзалы қайта құрылымдаудан өткені белгілі. Оны «ҚТЖ» ҰК» АҚ Күрделі жобаларды жүзеге асыру дирекциясы жүргізді. 2000 шаршы метрді құрайтын жанама ғимарат, конкорстық өткел салынды. Эскалаторлар орнатылды, ана мен бала, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлме ашылды. Инженерлік желілер жүргізіліп, лифт қойылды. Қазір бұл вокзал 8500 жолаушыны қабылдау мүмкіндігіне ие болып отыр. Сондай-ақ, Арыс вокзалы да «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының ұйытқы болуымен күрделі жөндеуден өтті. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді