Уақыт ағымына қарай  ізденіс қажет

Жаңалықтар
11.11.2016, 11:54
Теміржолда қашан да үздіксіз ізденіс пен білім жетілдіруді бірден бір қажет ететін сала – белгі беру және байланыс қызметі. Мазмұнды техникалық сабақтар мен сапалы біліктілік арттыру шараларынсыз бұл қызмет бойынша мекемелер жұмысы алға басуы мүмкін емес. Осы бағытта Астана ШЧ-16 мекемесі жоспарлы жұмыстарымен алда келеді.        Астана белгі беру және байланыс дистанциясының оқыту шебері Омар Аленовтің айтуынша, жыл басынан бергі 10 ай ішінде мекемеде өткізілген 372 сағаттық техникалық сабақтарда 305 байланысшы оқытылған. Олардың 34-і басқарушы персонал болса, 16-сы инженерлік-техникалық қызметкерлер, ал 255-і арнайы мамандар, жұмысшылар. Әрбір сабақтың мақсаты – қауіпсіздік шараларын нығайтуға арналып, сала мамандары түрлі ережелер, нұсқаулықтар, жеделхаттар, оқыту құралдары, интернет материалдары, тағы да басқа жолдармен білімдерін жетілдіріп отырады.       Оқыту жоспары әр айда әр түрлі құрылады. Мәселен, қазан айындағы жоспарларымызбен бөлісер болсақ, 3 сағатымызды қар мен боран, тайғақ кезіндегі жұмысшыларымыздың жеке қауіпсіздігі және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбына арнадық. Ал дистанцияның алғашқы жарты жылдықтағы өндірістік-қаржылық қызметінің талдауы, БЗСГ-02М блогы – тексеру технологиясы,  СГ-76У блогы, ИВГ релесінің міндеті мен жұмыс істеу принциптері тақырыптары бес сағатқа бөлініп оқытылды. Сонымен қатар ЭЦ-9 жүйесі бағдарларын жою, реле бағыттарының сұлбасы, 04.11.2014 жылғы №1446-ЦЗ бойынша СЦБ құрылғыларына техникалық құжаттамалар мазмұны жағынан нұсқаулықтар, 27.09.05 жылғы ЦШ/289-05 бойынша СЦБ құрылғыларын дәнекерлеуге қатысты ережелер тақырыбы да 5 сағатқа бөлінген. Осылай жүйелі түрде оқыту барысында салаға қажетті тақырыптарды қамтып отырамыз, – дейді Омар Аленов.        Өткен айдың ішінде өткізілген өзге де техникалық сабақтарға, сондай-ақ КТСМ құрылғыларының жұмыс істеуін талдау, TETRA стандарты бойынша қозғалмалы радио байланыс желісінің радио интерфейсінің сипаттамасы, байланыс және СЦБ шаруашылығын қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындау нұсқаулығы, тасымал үдерісі қауіпсіздігін корпоративті басқару жүйесі бойынша жетекшілік ету, технологиялық қызмет көрсету жөнінде тәжірибелік дағдыларды жасау,  бейнероликтер мен слайдтар көрсету, СОБ құрылғылары мен байланыс желісі жұмысын қалпына келтіру мен ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктері, қызмет көрсету технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды жасау, қысқы жағдайда жұмыс істеудегі өндірістік ережелер, жұмыстарды орындаудағы техникалық қауіпсіздік, «Техникалық реттеу туралы», «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңдар мен ережелер, мегомметр және Ц түріндегі тағы да басқа ауа температурасы төмен кезде өлшеу құралдарын пайдалану тақырыптары арқау болды.           Байланысшылардың білуге тиіс тақырыптары сан алуан. Атап айтқанда, олар – вагон баяулатқыш құрылғыларына қызмет көрсетудегі техникалық қауіпсіздік, оқу-жаттығу полигонында электрлі рельстік тізбектерді күтіп ұстау, олардың жарамсыздықтарын жою  жолдары, өндірісте және тұрмыста электр энергиясы мен газды қолданудағы қауіпсіздік шаралары, апатты жағдайда персоналдың әрекеті, ТПЕ және ТҚЕ білу, құрамында сынабы бар шамдарды пайдалану және сақтаудағы талаптар, қызметкерлерге дауылдың болатындығын ескерту ережелері, тұрмыстық электр құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары, өндірістік жарақат алған жағдайда жұмыс берушіге оны жеткізу тәртібі, станция, бекеттер аралығындағы КТСМ-02, КТСМ-01Д бағаналарының қоршаулары, АЛСН үздіксіз түрдегі автоматты локомотивтік белгі беру және машинист қырағылығын бақылау құрылғыларын қолдану тәртібі туралы нұсқаулықтарды оқып, үйрену. Құрылғылардың уақыт өткен сайын өзгеріп, жаңарып отыруы – сала қызметкерлерінің ұдайы білімін жетілдіріп, үнемі ізденісте болуын талап етуде.  Дегенмен, қауіпсіздікті сақтау бойынша оқып, үйрену – әрбір теміржолшы үшін қашан да басты бағдарда тұратын мызғымас міндет болып табылады.

Райхан РАХМЕТОВА

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді